75 келісімге қол қойылады

Өзбекстан президенті Қазақстанда.

697415
75 келісімге қол қойылады

Өзбекстан мен Қазақстан арасында 75 келісімге қол қойылады.

Ресми сапармен Қазақстанға барған Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзеевті Қазақстан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада қарсы алды.  Қарсы алу рәсімінен кейін екі басшы оңаша кездесіп, артынан делегация аралық кездесуге басшылық жасады.

Президент Назарбаев екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы қарым-қатынастардың нығайтылуы керектігін атап көрсетті. «Кездесуді кеше бастадық.  Бүгін өзбек және қазақ 500 іскердің қатысуымен Бизнес форум өтуде.  Форумда тарихымызда бірінші рет 1 миллиард долларлық 75 келісімге қол қойылады» деді ол.

Назарбаев Өзбекстанның өткен жылы қайтыс болған президенті Ислам Каримов негізін қалаған екі жақты қатынастарды жетілдіруді жалғастыратындарын тілге тиек етті.

Президент Мирзиеев те өткен жылы Самарқандағы қиын күндерде Назарбаевтың сөздерінің екі елді жақындастыра түскенін меңзеп: «Соңғы 5 айда қарым-қатынас дами түсті. Сауда-экономикалық қатынас жаңа деңгейге көтерілді.  Бүгінгі Бизнес форумға Өзбекстаннан 250 іскер қатысып отыр. Қысқа уақытта өңір ынтымақтастығына көңіл бөлінді» деді.



Ұқсас жаңалықтар