Қазақстан Парламенті заңды қабылдады

Президент Конституциялық кеңеске жолдады.

685342
Қазақстан Парламенті заңды қабылдады

Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар  енгізу туралы» Заң қабылданды.

Заң отырысқа қатысқан 105 депутаттың 104-інің «қабыл» даусын алды.

Аталмыш заң Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойғаннан кейін күшіне енеді.

ҚР заңы президенттің қаржы, экономика,  мемлекеттік мүлік және әкімшілік саласында 23, заңдар аясында да 35 өкілеттігін парламентке тапсыруын көздейді.

Президент Атазаңның қорғалуы,  қорғаныс және қауіпсіздік,  сыртқы және ішкі саясат сынды тақырыптарға жауапты болады.

Президент Назарбаев қаңтар айының аяғында халыққа жолдауында басқару жүйесінің тиімділігін арттыру үшін Президенттің кейбір өкілеттіктерін Парламент және үкіметке беруді көздеген Атазаңға өзгерістер енгізу жөнінде жобаны талқылауға ашуға ұсыныс жасап,  жұма күні де жобаны парламентке жіберген болатын.

Енді бүгін президентке қол қою үшін ұсынылған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң Конституциялық Кеңеске жолданды.



Ұқсас жаңалықтар