Назарбаев Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынылды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынылды.

682155
Назарбаев Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынылды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынылды.

Қазақстанның ресми хабар агенттігі Kazinform-да орын алған хабар бойынша Швейцарияның Базель қаласындағы бейбітшілік ғылыми-зерттеу институтының директоры Алин Варе өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның көшбасшысы ретінде 22 жыл бойы ядролық қарусыздану саласында бірқатар маңызды бастама көтергені айтылған.

Қазір де бұл салада жемісті жұмыс жасап келе жатқаны да назарға алыныпты. Айта кетейін, Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін 6 мәрте Нобель сыйлығына ұсынылған еді.

Ал Кәріпбек Күйіков Семей полигонындағы сынақтардың салдарынан мүгедек болған. Ол жетекшілік ететін «Атом» жобасы әлемді ядролық қарудан азат ету жолында жұмыс жасайды. Кәріпбек Күйіков суретші ретінде да танымал. Полигон зардабы тақырыбында бірқатар туындылар салып, көрме ұйымдастырған.



Ұқсас жаңалықтар