Жұбайын президенттің бірінші орынбасары қылып тағайындады

Михрибан Алиева президенттің бірінші орынбасары болды.

677029
Жұбайын президенттің бірінші орынбасары қылып тағайындады

Әзірбайжан президенті Илхам Алиев жұбайы Михрибан Алиеваны президенттің бірінші орынбасары міндетіне тағайындады.

Президенттік аппараттың хабарына қарағанда,  Президент Алиев Михрибан Алиеваны Атазаңның қатысты баптарына сәйкес «президенттің бірінші орынбасары» міндетіне тағайындады.

Әзірбайжанда 26 қыркүйек күнгі референдумда атазаңға бірқатар өзгеріс енгізілген болатын.

Сайлаушылардың 86,6 пайызы қабыл даусын берген референдумда «президенттің бірінші орынбасары» және «президенттің орынбасарлары» міндеттерінің қалыптастырылуына шешім берілген болатын.

Президент болмаған уақыттарда барлық өкілеттіктер президенттің бірінші орынбасарына беріледі.



Ұқсас жаңалықтар