Нәсілшілдерден түріктерге шабуыл

Афиныда асыра оңшыл Алтын Таң партиясының мүшелері түріктерге қарсы шықты.

629563
Нәсілшілдерден түріктерге шабуыл

Грекияның бас қаласы Афиныда асыра оңшыл Алтын Таң партиясының мүшелері түріктерге қарсы шықты.

Алтын Таң партиясының мүшелері «Грекияда ұлттық этностар мен халықаралық ұйымдардың ұсыныстары» атты жиынға басып кірді.  Жиынды Адам құқықтары күніне орай Достық, Теңдік және бейбітшілік партиясы (DEB)  және Хельсинки Адам құқықтары ұйымының Грекия комитеті ұйымдастырған болатын.

Қала орталығындағы Акадамиас даңғылындағы ғимарат алдына жиналған шамамен 50 кісілік топ нәсілшіл ұран тастады.

Артынан жиын өтіп жатқан залға кіріп, залдағыларға балағат сөз айтып, арандатуға тырысты. «Залдан кетіңдер» деген ескертуге құлақ аспады.

Арасында партияның депутаттары да бар топ артынан ғимараттың алдында Грекияның ұлттық ән ұранын шырқады.

Шамамен бір сағаттық акцияда төңіректе ешбір грек полициясы кездеспеді.

DEB партиясының төраға орынбасары Озан Ахметоғлу «Ұйымдастырушылар ретінде полиция қорғауын талап етсек те,  ғимаратта қауіпсіздік күштері орын алмады. Осындай шабуылдың одан да жаман нәтижесі болуы мүмкін еді» деді.

1990 жылдардың басында Садык Ахмет тарапынан құрылған Батыс Фракия түріктерінің саяси партиясы DEB-тің басшылығын Мұстафа Али Чавуш атқаруда.



Ұқсас жаңалықтар