Қақтығыстардан қашқан онмыңдаған түрікмен Түркия шекарасында

Талль-Афар ауданындағы қақтығыстардан қашқан мыңдаған түрікмен Түркия шекарасына ұласты.

624061
Қақтығыстардан қашқан онмыңдаған түрікмен Түркия шекарасында

Ирактың Мосул қаласына қарасты және террор ұйымы ДАИШ-тің бақылауындағы Талль-Афар ауданындағы қақтығыстардан қашқан мыңдаған түрікмен Сирия-Түркия шекарасына көшуде.

Ирак қауіпсіздік күштері мен шиіт күштердің ДАИШ-ке бағытталған операциясының басталуымен қарулы топтар Талль-Афар маңына жақындап, үкіметтің шешімімен ауданға кіруі жоспарланған күштер күтіле бастаған болатын.

Жаңалықтың артынан Талль-Афардағы көпшілігі сүннит тұрғындар мәзхабтық қырғынға ұшырау ықтималы немесе Ирак күштерінің ДАИШ-пен қақтығысынан қорқып уайымдары артты.

Бұл уайымдармен Талль-Афарды тастап кеткен түрікмендердің бір қауымы Сирияның Килис қаласы алдындағы Азез ауданына ұласты.

Ауданға көшкен Талль-Афар тұрғындарының саны 10 мыңға жақындады. Ракка маңынан мыңдаған Талль-Афар тұрғынының да Азезге қарай жылжығаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар