Түрікменстанның 25 жылдығы Анкарада атап өтілді

Түрікменстанның Анкарадағы өкілетті елшілігі тарапынан қонақасы берілді.

607994
Түрікменстанның 25 жылдығы Анкарада атап өтілді

Түрікменстанның тәуелсіздігінің 25 жылдығы Анкарада атап өтілді.

Түрікменстанның Анкарадағы өкілетті елшілігі тарапынан берілген қонағасыға ТР Экономика министрінің орынбасары Фатих Метин, бұрынғы Энергия министрі Танер Йылдыз, Анкарадағы шетел миссияларының өкілдері,  бюрократтар,  іскерлер,  түрікмен студенттер мен басқа да қонақтар қатысты.

Түрікменстанның Анкарадағы өкілетті және төтенше елшісі Ишан Аманлиев осындағы сөзінде 25 жылдық жетістіктерді айта келе бауырлас Түркия елімен арадағы ерекше қатынасқа тоқталды.

ТР Экономика министрінің орынбасары Фатих Метин де Түрікменстанмен арада үлгі боларлықтай байланыс бар екенін,  әсіресе экономика және мердігерлік саласында Түрікменстанның Түркия үшін маңызы зор екенін атап айтты.

Фатих Метин Түрікменстанмен сауда, экономикалық,  мәдени,  білім, әскери және басқа да саладағы қатынастардың жетіліп дами түсетінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар