Президент Атамбаев міндетіне оралды

Мәскеуде бір аптадан бері ем қабылдап жатқан Қырғызстан президенті міндетіне оралды.

581808
Президент Атамбаев міндетіне оралды

Жүрек соғуының ырғақсыздығымен науқастанған және бір аптадан бері Мәскеуде ем қабылдаған Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев міндетіне оралды.

Президенттік аппараттың баспасөз орталығынан жасалған мәлімдемеде Атамбаевтің міндетін қайта атқара бастағаны және Қорғаныс кеңесі хатшысы Темір Жұмақадыровты қабылдағаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеге қарағанда ұлттық қауіпсіздік мәселелері қолға алынған кездесуде Жұмақадыров шекара қауіпсіздігі және елдің оңтүстік шекарасындағы мәселелерді ұлттық мүдделер бағытында бейбітшіл жолдармен шешуге қатысты жұмыстар жайлы Атамбаевке брифинг берді.

Атамбаев сондай-ақ баспасөз орталығы арқылы жариялаған мәлімдемесінде науқастанған кезеңде өзін қолдаған қырғыз халқына алғысын білдірді.

Президент Атамбаев мәлімдемесінде «Ем қабылдап жатқан күндерде маған және жанұямға қолдау бердіңіз. Дұғаларыңыз күш беріп, емделіп шықтым. Қолдауыңызды ұмытпаймын. Жанұям және өзім атынан сізге ризашылығымды білдіремін» делінді.

20-26 қыркүйекте АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ Жалпы Кеңесінің 71-ші кезең саммитіне қатысу үшін Стамбұл Ататүрік әуежайынан ұшаққа мінген кезде науқастанған Атамбаев дәрігерлер тарапынан медициналық бақылауға алынған болатын.

Дәрігерлердің ұсынысымен Нью-Йоркқа барудан бас тартқан Атамбаев Измирдің Чешме ауданындағы бір қонақүйде қысқа уақытқа демалды.

Атамбаев Ресейдің шақыруымен 23 қыркүйек күні Мәскеуге аттанған еді.



Ұқсас жаңалықтар