Түркітілдес елдердің сыртқы істер министрлері бас қосты

Бас қосу Нью-Йоркта болып өтті.

574515
Түркітілдес елдердің сыртқы істер министрлері бас қосты

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық  кеңесіне (Түрік Кеңесі) мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері 20 қыркүйек күні Нью-Йоркте бас қосты,- деп хабарлайды Түрік Кеңесінің баспасөз қызметі.

Нью-Йорк төріндегі бас қосу  Қазақстан Республикасының БҰҰ Тұрақты өкілдігінде ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың төрағалығымен өтті.

БҰҰ 71-ші Бас Ассамблеясы аясында өткен жиынға Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедьяров, Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Әбділдаев және Түркия  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, сондай-ақ Түркі кеңесінің Бас хатшысы Рамиль Гасанов қатысты.

Жиында Түркі кеңесінің БҰҰ және ИЫҰ сияқты халықаралық ұйымдарда бақылаушы мәртебесін алуына қатысты мәселелер мен қадамдар, Түркі кеңесі аясында қызмет ететін Түркі академиясының халықаралық ұйымы, Халықаралық Түркі мәдениет және мирасы қоры мен Көшпенділер мәдениеті орталығына байланысты мәселелер қолға алынды.

Айырықша   Бас хатшы Рамиль Гасанов Түркі кеңесінің ЕҚЫҰ сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы туралы ақпарат бере отырып,  БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына бағытталған шаралардың маңызын атап көрсетті.  



Ұқсас жаңалықтар