Өзбекстан президенті Ислам Каримов жерленді

Ислам Каримов туған жері Самарқандта онмыңдаған адам қатысқан рәсіммен жерленді.

564665
Өзбекстан президенті Ислам Каримов жерленді
kerimov vefat 1.jpg

Миына қан құйылғаны себепті кеше дүниеден озған Өзбекстан Республикасы президенті Ислам Каримов туған жері Самарқандта онмыңдаған адам қатысқан рәсіммен жерленді.

Түркия атынан вице-премьер Туғрул Түркеш қатысқан жаназа рәсіміне Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевке қоса Ауғанстан, Тәжікстан және Түрікменстан президенттері және 17 елден мемлекет пен үкімет өкілдері қатысты.

Каримов сенбі күні ауруханаға түсіп, Өзбекстан парламенті мен үкіметі кеше президенттің дүниеге көз жұмғанын жариялаған болатын.

1938 жылы дүниеге келген Ислам Каримов 1989 жылы президент сайланды. Қазірге дейін үздіксіз Өзбекстанды басқарып келді.

Өзбекстан президенті үшін 3 күн аза тұту жарияланды.

Каримовтың 25 жылға жалғасқан билігінің артынан жаңа билік құрылымының қалай болатыны жайлы сұрақтар шешімін тапқан жоқ.

Каримовтың орнына кімнің тағайындалатыны жайлы спекуляциялардың күн тәртібіне келуі, Өзбекстанда тұрақсыздыққа жол ашу уайымдарын арттырады.

Ислам Каримов 1991 жылы Өзбекстан тәуелсіздік жариялаған соң алғашқы сайлауда 86 пайыз дауыс жинап, тұңғыш президент сайланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар