Ислам Каримов дүниеден озды

Өзбекстан Президенті Ислам Каримов қайтыс болды.

563805
Ислам Каримов дүниеден озды

27 жылдан бері Өзбекстанды билеген Каримов миына қан құйылуы себепті ауруханада емделіп жатқан еді.

Өзбекстан үкіметі бүгін жасаған мәлімдеме арқылы Каримовтің ауруының нашар болғанын және дәрігерлердің «өте қиын ауыр жағдайды» деп түсіндіргенін баяндаған болатын.

Мемлекеттік ауруханада емделіп жатқаннан басқы ешбір мағлұмат берілген жоқ.

Каримовтің миына қан құйылғанын кіші қызы Лола Каримова интернеттен жариялаған болатын.

Президентті ауруханада жатуы себепті Өзбекстанның тәуелсіздігінің 25 жылдығы да мерейлі тойланбады.

Жоғарғы деңгейде тойланбауы, концерттердің берілмеуі және отшашулардың жасалмауы да Каримовтің қайтыс болғанын жөніндегі пайымдауларды күшейтуде.

78 жасындағы Ислам Каримов Өзбекстан тәуелсіз алған 1991 жылынан осы таңға дейін билік басында болды.

Фетуллахшы террор ұйымы да аймақта алғашқы мектептерін Өзбекстанға ашқан еді. Сол кезде Каримов осы жүйеден алаңдап, мектептерді жауап тастаған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар