Назарбаев президент Ердоғанға жеделхат жолдады

Қазақстан мемлекет басшысы көңіл айтып, жағдайдың ретке келетініне сенімін білдірді.

530704
Назарбаев президент Ердоғанға жеделхат жолдады

Қазақстан президенті Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға қарулы төңкеріс жасау әрекетіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарына қарағанда жеделхатта «Қайғылы оқиға салдарынан барлық қаза болғандар мен зардап шеккендер отбасыларының қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз. Бауырлас түрік халқын бірлестікке және болған оқиғаға қатысты төзімділік танытуға шақырамыз. Жағдайдың тезірек ретке келетініне сенімдіміз. Түрік халқы мемлекеттің демократиялық жолмен сайланған қазіргі басшылығымен бірге барлық сын-қатерлерге төтеп беріп, демократия және өркендеу жолындағы тұрақты дамуын жалғастыратынына еш күмән келтірмейміз» делінген.



Ұқсас жаңалықтар