Түрікмендердің Бешир ауылы ДАИШ-тің қаупі астында

Түрікмен күші қолбасшы орынбасары Исам Нури ДАИШ-пен араларындағы қашықтықтың 1 шақырым екенін мәлімдеді.

516850
Түрікмендердің Бешир ауылы ДАИШ-тің қаупі астында

Ирактың Керкүк қаласына қарасты Түрікмендердің Бешир ауылының ДАИШ террор ұйымынан кері қайтарылғанына қарамастан ауылда қауіп астында екені білдірілді.

Хашди Шаби (шиіт қарулы күштері) шаңырағы құрамындағы Түрікмен күші "Бешир" қолбасшысы орынбасары Исам Нури «Беширді кері қайтардық. Бірақ әлі ДАИШ-тің қаупі астында. Аталмыш аймаққа күн сайын зеңбірек және Катюша зымырандарымен шабуылдауда. Қауіпсіздік күштері мен террористтер арасында тек қана 1 шақырым қашықтық бар. Лақтырылған зымырандардың кейбіреулерінде химиялық улы газдар бар. Осында қызмет еткен көптеген полиция мен қауіпсіздік қызметкері бұл шабуылдарда жарақат алды» деді.

ДАИШ Бешир ауылын бақылауға алған соң Тузхурмату ауданын паналаған Хасан Аббас болса үйлерінің қирағанын және материалды жәрдем жасалмаған жағдайда ауданнан кеткендердің кері орала алмайтынын мәлімдеді.

Аббас «Ауылдың ішінде және төңірегінде көптеген мина мен тұзақталған бомба бар. Үкімет ауылдың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмады. Үлкен зиян келген 250 шақты үйді жөндеу үшін ешқандай көмек жасалмады» деді.

Аббас ДАИШ-тің ауылшаруашылығы алаңдарына да көптеген бомба орналастырғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар