Әзірбайжанда ауқымды әскери жаттығу

Жаттығу 23 маусымға дейін жалғасады.

513913
Әзірбайжанда ауқымды әскери жаттығу

Әзірбайжан Бас Штаб Басқармасы тарапынан ұйымдастырылған әскери жаттығу 23 маусымға дейін жалғасады.

Қорғаныс министрі генерал-полковник Закир Хасановтың қолбасшылығында өтетін жаттығуларға 25 мың әскери қызметкер, 300-ден астам танк пен сауытты көлік 100 зымыран мен зеңбірек жүйесі, 40 әскери ұшақ және 30 әуе қорғаныс жүйесіне қоса Теңіз күштері мен арнайы жасақтар қатысуда.

Жаттығулар Нахчыван Автономиялық Республикасы әскери байланыс аймақтары маңында және Каспий теңізінде өтуде.

Сондай-ақ жаттығулар аясында әскерлердің жоғары деңгейде дайын күйге келтірілуі, логистикалық және басқа қызметтер сынақтан өткізіледі.



Ұқсас жаңалықтар