Түрікменстан Палестина және Израильмен ынтымақтастық жасады

Түрікменстан Сыртқы істер министрі Мередов Палестина мен Израильге барып,  ынтымақтастық келісімдеріне қол қойды.

501284
Түрікменстан Палестина және Израильмен ынтымақтастық жасады

Түрікменстан Сыртқы істер министрі Мередов Палестина мен Израильге барып,  ынтымақтастық келісімдеріне қол қойды.

Палестиналық әріптесі Риад әл Маликимен Рамалладағы Сыртқы істер министрлігінде бас қосқан Мередов екі ел арасында ынтымақтастық хаттамасына қол қойғаннан кейін баспасөз өкілдеріне алдына шықты.

Мередов Палестиналық әріптесімен білім беру,  спорт, жастар және мәдениет саласында ынтымақтастықты арттыру шешімін бергендерін білдірді. Палестина Сыртқы істер министрі де кездесуде сауда және дипломатиялық қатынастарды арттыру және Түрікменстанда Палестина елшілігін ашу тақырыптарын қолға алғандарын айтты.

Түрікмен министр Мередов Иерусалимде де Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен бас қосты.

Израиль сыртқы істер министрлігінің хабарламасында Мередов пен Нетаньяхудың екі ел арасындағы саяси және экономикалық қатынастарды жетілдіру тақырыбында келіскендері атап көрсетілді.

1993 жылы Израильмен дипломатиялық қатынастар құрылғаннан бері Түрікменстанның Сыртқы істер министрі бірінші рет Израильге барды.

Хабар dunyabulteni.com парақшасынан алынды.



Ұқсас жаңалықтар