Премьер-министр СКТР-да

Йылдырым осында президент Мұстафа Акынджымен баспасөз мәслихатын өткізді.

502171
Премьер-министр СКТР-да

Премьер-министр Бинали Йылдырым Нусайбин ауданында Америка-Швеция ортақ өндірген анти танк ракета табылғанын айтып: «Одақтастыққа жатпайды. Одақтас деген стратегиялық ортақ деген сөз,  өзара хақ пен құқыққа құрмет көрсету деген сөз» деді.

Премьер-министр шетелге бірінші ресми сапарын Солтүстік Кипр Түрік Республикасына ұйымдастырды. Йылдырым осында президент Мұстафа Акынджымен баспасөз мәслихатын өткізді.

Түркияның терроризммен күресінде барлық достарының жанында болуын қалайтынын білдірген Йылдырым: «PKK- террор ұйымы. Бұл шындық.  Америка Құрама Штаттары да мұны қабылдайды.  Алайда PYD, YPG сынды топтардың осы ұйымның жалғасы екенін достарымыз түсінбей келеді. Бұл Түркияда жазықсыз адамдардың, қауіпсіздік күштерінің өліміне себеп болған осы қарулардың террор ұйымының қолына қалай тигенін анық көрсетеді. Әйтпесе одақтастар террор ұйымдарына қару бере ала ма? Террор ұйымының салаларына бұларды Сирия, Иракта беріп, Түркиядағы топтарға жеткізеді. Бұны біз қабылдай алмаймыз» деді.

Премьер-министр Йылдырым баспасөз мәслихатында Солтүстік Кипр Түрік Республикасы мен Түркия арасындағы қатынастарға да тоқталып: «Солтүстік Кипр мен Түркия арасындағы қатынас мүдделерге қатысты емес.  Бұл байланыс Солтүстік Кипрдің болашаққа деген сапарында экономикалық түрде, саяси түрде мықты болып дайындалуы. Осы аяда біз барлық салада ұйымшылдық ішіндеміз» деді.

Бинали Йылдырым Кипр келіссөздеріне байланысты пішінге байланысты тақырыптармен айналысып,  түбегейлі және әділ шешімге жетудің қияндай түскеніне назар аударды.

 



Ұқсас жаңалықтар