Ердоған Джамаланы құттықтады

Президент Eurovision Ән байқауында жеңіп шыққан Қырымның жас әншісі Джамаланы телефон арқылы құттықтады.

491862
Ердоған Джамаланы құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған Швецияда сенбі күні болған Eurovision Ән байқауында Украина атынан қатысып,  жеңіп шыққан Қырымның жас әншісі Джамаланы телефон арқылы құттықтады.

Президенттік аппараттан алынған мәліметке қарағанда,  президент Ердоған Қырым татарларының Кеңес Одағы кезіндегі жер аударылуын арқау қылған «1944» атты әнімен бірінші орын алған Джамалаға бұдан кейінгі шығармашылық өмірінде табыс тіледі.

Қырымдық татар әнші Джамала да президент Ердоғанның телефон шалуының өзін қатты тебіренткенін айтып,  алғыс білдірді.



Ұқсас жаңалықтар