СКТР-да үкімет құрылды

Хүсейін Өзгүргүн басшылығында құрылған үкімет сенім даусын алды.

479323
СКТР-да үкімет құрылды

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында Ұлттық Бірлік партиясы басшысы Хүсейін Өзгүргүн басшылығында құрылған үкімет сенім даусын алды.

Тәуелсіз депутаттар да қолдау көрсеткен Ұлттық Бірлік партиясы-Демократ партия-UG коалиция үкіметі мәжілісте 27 депутаттың «қабыл» даусын жинады.

Дауысқа салуда 22 депутат «қарсы» дауыс қолданды.

Қоғамшыл демократия партиясы депутаты Зеки Челер дауысқа салуға қатыспады.

Дауысқа салудан кейін премьер-министр Хүсейін Өзгүргүн мәжіліспен үйлесімді жұмыс жасауға тырысатындарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар