Қырғызстанда төңкеріс құрбандары еске алынды

100-ге тарта адам қаза тапқан 2010 жылғы 7 сәуір күнгі халық төңкерісінің құрбандары үшін еске алу рәсімі өткізілді.

467770
Қырғызстанда төңкеріс құрбандары еске алынды

100-ге тарта адам қаза тапқан 2010 жылғы 7 сәуір күнгі халық төңкерісінің құрбандары үшін еске алу рәсімі өткізілді.

Қырғызстанда 2010 жылғы халық көтерілісінде қаза тапқандар еске алынды. Бас қала Бішкекке 20 км қашықтықтағы Атабейіт монументі басында болған рәсімге президент Алмазбек Атамбаев, премьер-министр Темір Сариев, Мәжіліс төрағасы Асылбек Жииенбеков, Жоғарғы сот төрайымы Айнаш Токбаева, бұрынғы президенті Роза Отынбаева, министрлер, депутаттар, құрбандардың жанұялары мен азаматтар қатысты.

Президент Атамбаев пен Отынбаева халық көтерілісінде қаза тапқандар үшін тұрғызылған ескерткіштің алдына гүл шоқтарын қойды.

Құран оқылғаннан кейін азаматтар дұға оқыды.

Осы арада президенттік аппарат баспасөз қызметі президент Алмазбек Атамбаевтың 7 сәуірді ресми демалыс ретінде жариялаған жарлыққа қол қойғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар