Түркі әлемінің азасы

Түрікмен жазушы Ата Терзибашы дүниеден озды.

463130
Түркі әлемінің азасы

Ирак түрікмен мәдениеті мен әдебиетін әлемге таныстырған атақты түрікмен жазушы Ата Терзибашы дүниеден озды.

Керкуктегі үйінде бейсенбі күні қайтыс болған Терзибашы 92 жаста болатын.

Ирактағы түрік қоғамының қатысуымен жаназа рәсімінен кейін Терзибашы Керкуктегі Мусалла зиратына жерленді.

Ата Терзибашы 1924 жылдың 14 қараша күні Керкуктың Булак ауылында дүниеге келді. Бағдат Университетінде құқық білімін алған Терзибашы көптеген жылдар адвокат болып жұмыс істеді.

Терзибашының Ирактағы түрікмен әдебиеті және мәдениеті жөнінде көптеген мақаласы мен кітабы жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар