Гавайи Әзірбайжаннан кешірім сұрады

АҚШ-тың Гавайи штаты Өкілдер мәжілісі төрағасы Джозеф Соуки Әзірбайжаннан кешірім сұрады.

462781
Гавайи Әзірбайжаннан кешірім сұрады

АҚШ-тың Гавайи штаты Өкілдер мәжілісі төрағасы Джозеф Соуки Әзірбайжаннан кешірім сұрады.

Бұл туралы Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Әзірбайжанның Лос-Анджелестегі бас консулдығына хат жолдаған Соуки Гавайи Өкілдер мәжілісінде Таулы Қарабахтың тәуелсіздігіне байланысты қабылданған шешімге орай қиналғанын білдірді.

Соукидің айтуынша аталмыш шешім комитеттерде талқыланбастан бұрын заңға қайшы деп күн тәртібіне алынды, талқыланбастан қабылданды және шешімнің мазмұнына ешкім назар аудармады.

АҚШ-тың Таулы Қарабах проблемасының шешілуі үшін көптеген жылдан бері жұмыстанғанын білдірген Соуки былай деді: «Шешімнің ешбір заңды өтімділігі жоқ. Өкілдер мәжілісі жеткілікті мәлімет жинамастан осындай шешімді қабылдағаны үшін кешірім өтінемін. Осы оқиғаны түсінуіңізді сұраймын. Әзірбайжан халқы мен үкіметінен кешірім сұраймын»

АҚШ-тағы армян лобиясының бастамасымен 2016 жылдың 10 наурыз күні Гавайи сенатында Таулы Қарабахқа байланысты шешім жобасы күн тәртібіне келіп, бірақ қабылданбаған болатын. Сенаттың мәлімдемесінде Әзірбайжанның территория тұтастығына қолдау берілгені атап көрсетілді.

Армян лобиясының кейіннен Өкілдер мәжілісіне алдырған жобасы болса қабылданған болатын.



Ұқсас жаңалықтар