Түрікменстан түрік жүк көліктеріне 20 пайыз жеңілдік жасады

Түрікменстан Ro-Ro паромдарымен түрік жүк көліктеріне 20 пайыз жеңілдік жасағанын жариялады.

459743
Түрікменстан түрік жүк көліктеріне 20 пайыз жеңілдік жасады

Халықаралық тасымалдаушылар қоғамы (UND) атқару кеңесі төрағасы Фатих Шенер Түрікменстанның Әзірбайжан-Түрікменстан бағытын пайдаланатын түрік көліктері үшін Ro-Ro паромдарының бағасын 20 пайызға жеңілдеткені үшін ризашылық білдірді.

Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедовтың 2015 жылдың тамыз айында елдің екінші паромы ретінде іске қосылған «Бахтияр» жұмысын бастай салып, жеңілдік жасалатынын сүйіншілегенін еске салған Шенер «Бахтияр паромы сапарларын бастады және жеңілдік жасалды. Көліктеріміз Түрікменстанның замандас кемелерімен енді 20 пайыз арзанға тасымалданады. Бұл маңызды қолдау үшін Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедке алғысымызды білдіреміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар