Венгрия премьер-министрі Әзірбайжанда болды

Орбан президент Илхам Алиевпен бас қосты.

446078
Венгрия премьер-министрі Әзірбайжанда болды

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан ресми байланыспен Әзірбайжанға барды. Орбан президент Илхам Алиевпен бас қосты.

Алиев екі жақты және делегация аралық кездесулерден кейін өткізілген баспасөз мәслихатында Венгрияның өздері үшін дос ел екенін, Орбанның сапарының екі ел қатынастарының дамуына үлкен үлес қосатынын айтты.

Өткен жылы Венгрияның Әзірбайжанға экспортының артқанын білдірген Алиев: «Венгрия мен Әзірбайжан стратегиялық серік екендерін тағы бір мәрте көрсетті. Венгрия тәуелсіз саясат жүргізеді, сондықтан осы салада екі ел арасында көп ұқсастық бар. Сондықтан Венгрия әлемдегі және Еуропадағы дағдарыстан өз абыройымен шықты» деді.

Мұнай бағасындағы экономикалық қиыншылықтарды еске салған Виктор Орбан да Әзірбайжан әкімшілігінің осы жағдайға жақсы реакция бергенін айтты.

Орбанның байланыстары аясында қатысты министрліктер мен университеттер арасында, еңбек және әлеуметтік қауіпсіздік, коммуникация және білім беру салаларында ынтымақтастық келісімдеріне қол қойылды. Байланыстар аясында ұйымдастырылған Әзірбайжан-Венгрия Бизнес форумында да компаниялар арасында келісімдер жасалды.

Премьер-министр Орбан байланыстарынан кейін Бакуден аттанып кетті.



Ұқсас жаңалықтар