Қорқыт Ата Конгресі Измирде

Үшінші Халықаралық Түркі әлемі мәдениет конгресі басталды.

356626
Қорқыт Ата Конгресі Измирде

Түркияның Измир қаласы Чешме ауданында Эгей Университеті Түркі әлемі зерттеулер институтының ұйымдастыруымен Түркі әлемі мәдениет конгресі басталды. 

Үшінші рет өткізіліп отырған халықаралық конгрестің биылғы тақырыбы "Қорқыт Ата және Түркі әлемі" деп аталады. 

Бес күндік конгреске Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Саха елі, Қытай сынды елдерден ғалымдар қатысуда. 

Түркі әлемі ғалымдары түбі бір түріктің ортақ, әрі маңызды құндылықтарының бірі Қорқыт Атаның түркі халықтары, әдебиеті және фольклорындағы орны жөніндегі тақырыптарда өз баяндамаларын оқуда. 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар