Татарстанда Поэзия фестивалі басталды

11-ші Халықаралық Поэзия фестиваліне 20 елден 100-ге тарта ақын қатысуда.

386306
Татарстанда Поэзия фестивалі басталды

11-ші Халықаралық Поэзия фестиваліне 20 елден 100-ге тарта ақын қатысуда.


Ресей Федерациясына қарасты Татарстан Республикасының бас қаласы Қазанда поэзия фестивалі басталды.


Қазанның Тинчурин театрында болған ашылу салтанатына Түркия және Татарстан Жазушылар одағы басшылары, татар депутаттар мен басқа да қонақтар қатысты.


Түркия Жазушылар одағы басшысы Хиджаби Кырлангыч рәсімде сөйлеген сөзінде тарихтың ең маңызды мәдениет орталықтарының бірі болған, бай кітапханаларға ие Қазан қаласын осындай іс-шаралармен күн тәртібіне келтіруді жоспарлағандарын айтты.


«Осында бас қосулар түркі тілдерін жақындастырады, ақындарымыздың бірін бірі тануына үлес қосады деп сенеміз. Біз тек ортақ тарихпен емес, ортақ болашақпен де мақтануымыз керек. Болашаққа қадам басқанда ақындармен үлес қосамыз» деді ол.


Поэзия фестиваліне Түркиядан қатысқан ақын Али Урал өнер қайраткерлерінің қоғамның бастаушылар ретінде елші қызметін атқарғандарын айтты.


Жүлделер табыс етілетін фестиваль 4 қазан күні аяқталады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар