Түрік кеңесінің V саммиті Астана өтуде

Түрік кеңесінің V саммиті Қазақстан елордасы Астанада өтуде.

377807
Түрік кеңесінің V саммиті Астана өтуде

«Түрік кеңесі» деп аталатын Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің V саммиті Қазақстанның елордасы Астанада өтуде.
Саммиттің кешегі алғашқы күнінде мүше елдер Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан және Қырғызстанның сыртқы істер министрлері бас қосты.
Күн тәртіпте информация мен ақпарат ынтымақтастығы бар.
Саммитке Түркияның атынан Сыртқы істер министрі Феридун Синирлиоғлу қатысуда. Синирлиоғлұ саммитте әріптестерімен басқосып, ортақ теледидар құру ұсынысын жасады. Министр ТРТ-нің тәжірибелерінен пайдалануға болатынын айтты.
Саммиттің мемлекет басшылары саммитіне болса Түркияның атынан Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Исмет Йылмаз өкілдік жасады.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанаға ТМЫК V саммитіне қатысуға келген ұйымның Бас хатшысы Рамиль Гасановпен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Түркі кеңесінің барша нығаюы мен дамуында мүдделі екенін айтып, қазақстандық СІМ басшысы түркітілдес мемлекеттердің ортақ тарихы, этностық, тілдік жақындылығы негізінде олардың мәдени-гуманитарлық жақындауына бағытталған ТМЫК қызметіне қазақстандық тараптың қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар