Акынжы мен Анастасиадис тағы кездесті

Акынжы мен Анастасиадис түрлі іс-шаралармен бас қосуда

338203
Акынжы мен Анастасиадис тағы кездесті

Акынжы «Кипр екі қауымға да тең кепілдік орнату керек» деді.
Кипрде келіссөздердің қайтадан басталуынан кейін Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Президент Мұстафа Акынжы және Понти әкімшілігі лидері Никос Анастасиадис түрлі іс-шаралар арқылы жиі бас қосуда.
Президент Мұстафа Акынжы кеше аралық аймақтағы жиналыста Понти лидері Анастасиадиспен бірге өздерін 50 жылдан бері жалғасып келген Кипр мәселесін доғаруға арнағандарын айтты.
Акынжы экономикалық дамудың шешімге үлес қосатынын білдіріп болашақтағы Кипрдің әр екі қауым мен азаматтарына тең орай жөнінде кепілдік берілуі керектігін атап өтті.
Понти әкімшілігі лидері Никос Анастасиадис болса Кипрде екі халықтың болашағының, адам құқықтары және негізгі құқықтары сынды тақырыпқа құрмет көрсеткен Еуроодақ мүшесі біріккен бір Кипрде екенін айтты.

 

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар