Ұлы ақын Сүйінбай Анкарада еске алынды

Анкарада Сүйінбайдың 200 жылдығына арналған конференция өтті

311541
Ұлы ақын Сүйінбай Анкарада еске алынды


Қазақтың әйгілі ақыны, айтыс өнерінің майталман жүйрігі Сүйінбайдың туғанына 200 жыл толады.
Кеше ел астанасы Анкара қаласында Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция, концерттік бағдарламалар өтті.
Халықаралық түркі мәдениеті мен өнерін дамыту «ТҮРКСОЙ» ұйымы тарапынан ұйымдастырылған іс-шараға «ТҮРКСОЙ» Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Жансейіт Түймебаев, Алматы облысы әкімі Амандық Баталов, Еуразия жазушылар одағы төрағасы Якуб Өмероғлұ және Түркия мен Қазақстанның белгілі сүйінбайтанушы-ғалымдары, ақын-жазушылар, түркі тілдес мемлекеттердің дипломаттары қатысты.
Баяндамашылар көрнекті тұлға Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойын Анкарада атап өту, келер ұрпақ алдында насихаттау, ұлттық тарихымызды бойларына сіңіру, түркі халықтарының бірлігін бекімдеу, өзара ынтымақтастықты күшейту бүгінгі күннің кезек күттірмес міндеті екені айтылды.
Жамбыл атындағы академиялық филармонияның өнерпаздары ақынның өлеңдерін орындады.
Кеште Анкара қаласының Кечиөрен ауданы әкімшілігі залында Сүйінбайдың 200 жылдығына арнап концерт берілді, әдеби-сазды кеш өтті.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар