Келіссөздерді тоқтатқан кеме дағдарысы жойылды

Жерорта теңізінде әрі түрік тарапы, әрі понти тарапы сейсмикалық іздеу кемелерін аймақтан кері шекті.

289064
Келіссөздерді тоқтатқан кеме дағдарысы жойылды

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде понти әкімшілігінің мұнай мен табиғи газ бұрғылау жұмыстарын жүргізген «SAIPEM 10000» атты кеменің аймақтан кеткенінің анықталғаны атап көрсетілді.
Мәлімдемеде бұл жаңалықтың артынан Барбарос Хайреттин Паша Сейсмикалық іздеу кемесінің де аймақтан шыққанына назар аударылды.
Мәлімдемеде «Понти басшысының келіссөз үстеліне қысқа уақытта қайта оралып, келіссөз кезеңін 2014 жылы 14 ақпан күнгі Ортақ мәлімдемемен атап көрсетілген ережелер мен нысаналар бағытында нәтиже алатындай жалғастыруын үміт етеміз» делінді.
Понти мен түрік тарапы келіссөздерді кеме дағдарысы себепті 2014 жылы 7 қазан күні тоқтатқан болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар