Ахыска түріктері Стамбұлда бас қосты

Ішкі істер министрі Эфкан Ала Ахыска түріктерінің 2-ші кезекті құрылтайына қатысты.

162972
Ахыска түріктері Стамбұлда бас қосты

Ахыска түріктері 2-ші кезекті құрылтайында сөз алған Ішкі істер министрі Эфкан Ала Ахыска түріктерінің құқықтары тақырыбында қажетті шаралардың жасалғанын білдірді.
10 бөлек мемлекетте өмір сүрген Ахыска түріктері 4 жылдық үзілістің артынан 2-ші кезекті құрылтайларын Стамбұлда ұйымдастырды.
Профессор-оқытушылар мен саясат қайраткерінен тұратын 150 өкіл қатысқан құрылтайда Ахыска түріктерінің мәселелері мен шешім жолдары қолға алынды.
Ішкі істер министрі Эфкан Ала Ахыска түріктерінің құқықтары үшін Грузиямен жүргізілген дипломатиялық келіссөздердің жалғасқанын атап айтты.
«Ахыскалық түріктердің елді-мекендеріне оралуы үшін барлық шараларды іске қостық» деген министр Ала тақырыпты халықаралық күн тәртібіне әкелу үшінде күш жұмсалғанын, тақырыптың Грузия мен Түркия арасында жасалған барлық жоғары деңгейдегі жиналыстарда қолға алынатынын атап көрсетті.
Эфкан Ала «Келіссөздерде Грузияның Еуропа Кеңесі алдындағы жауапкершілігін де еске салып, Ахыска түріктерінің оралуын жеңілдететін кезеңнің алдындағы барлық заңдық және әкімшілік кедергілердің жойылуын күн тәртібіне әкелдік. Осы аяда шешім барысында басылатын барлық қадамдарға қолдау беретінімізді, Түркия ретінде аймақта көп қабатты тұрғын үй салу және жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндіктерінің қарастырылуы тақырыптарының қолға алынуын талап еттік» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар