Әлем энергия картасы форумы Ашғабатта басталды

Құрбанқұлы Бердімұхаммед энергия саласында жаңа келісімдерге дайын екендерін баяндады.

142402
Әлем энергия картасы форумы Ашғабатта басталды

Форумның ашылу баяндамасын жасаған Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов энергия саласында жаңа келісімдерге дайын екендерін баяндады.
Бердімұхаммедов 2008 және 2013 жылы БҰҰ-на энергия қауіпсіздік жобасы ұсынғандарын және 70 мемлекеттің қолдау бергенін білдірді.
Қытай мен Иранға газ тасымалдағандарын атап айтқан Бердімұхаммедов батыспен газ және энергия саудасының болса күн өткен сайын күн тәртібіне келе бастағанын атап көрсетті.
Түрікменстан президенті газ бен мұнай шығарып жатқанда, табиғи тіршілікті қорғау үшін 2013 жылы бір заңның іске қосылғанын атап көрсетті.
Энергия нысаналарын саясаттан тыс қалдыру, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және сенім ортасының құрылуының қажеттілігіне тоқталған Бердімұхаммед осы форумда да жаңа көзқарастар шығатынына үмітті екенін атап айтты.
Форумда сөз алған баяндамашылардың ортақ көзқарасы энергия саясаттарының одан әділ және қоршаған ортаға ыңғайлы болу керектігі туралы.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар