Түрік тілі Құрмет сыйлықтары тапсырылды

Марапат рәсімі Стамбулда болып өтті.

203883
Түрік тілі Құрмет сыйлықтары тапсырылды

5-ші Түркі әлеміТүрік тілі Құрмет сыйлықтары иелеріне табыс етілді.


Түрік мәдениетіне қызмет қоры тарапынан ұйымдастырылған марапат кеші Стамбулда Джемал Решит Рей концерт залында өткізілді.


Түрік тілі және мәдениетіне қызметіне байланысты биыл сыйлыққа лайықты деп табылған түркологтар:


Венгриядан Др. Имре Баски,


Қырғызстаннан Кенеш Джусупов,


Жапониядан Проф. др. Масахиро Шогаито,

Қытайдан Проф. Мирсұлтан Османов,


Германиядан Проф. др. Петер Зиме.


Марапат кешінде наурыз айында дүниеге көз жұмған Проф. др. Масахиро Шогаито атынан сыйлықты оқушысы қабылдап алды.


Рәсімнен бұрын «ней» концерті қойылып, артынан «Перделер» атты музыкалық ансамбльдің концерті жалғасын тапты.


«Жер, көк, су» атты түрік тілінің мозайкадағы пайымы да қатысушыларға ұсынылды.


Түркі әлемі Түрік тілі Құрмет сыйлықтары түрік тілінде сөйлейтін 160 миллион адам арасындағы қатынасты нығайту, түрік тілінің таралуына үлес қосу, 57 елдегі түркология бөлімдері мен орталықтарындағы ғалымдарды ынталандыру мақсатында беріледі.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар