СКТР су айдынында 228 сириялық босқын құтқарылды

Танзания байракты кеменің капитаны мен экипажы қашты.

202334
СКТР су айдынында 228 сириялық босқын құтқарылды

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) теңіз айдынында 228 сириялық босқын құтқарылды.
Жерорта теңізінде жүзіп жатқан Танзания байрақты кеме СКТР-ның Татлысу маңында кеше төтенше жағдай шақыруы тастады.
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Теңіз Қауіпсіздік қолбасшылығы кемені құтқаруға әрекет жасаса да, қарқынды жел мен толқын себепті құтқаруға Түркиядан жәрдем талап етілді.
228 сириялық босқын бар кеменің капитаны мен экипажының жолаушыларын тастап, құтқару шлюпкасымен қашып кеткені байқалды.
Жәрдем шақыруының артынан Түркиядан іздеу құтқару кемесі араларында бала мен жүкті әйелдер де бар 228 босқынды құтқарды.
СКТР-да бір спорт кешеніңде қонған босқындардың түстен кейін Түркияға жіберілуі күтіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар