Бішкекте Түркі әлемі сәулетшілік құрылтайы басталды

Құрылтайға 36 елден өкілдер қатысуда

112970
Бішкекте Түркі әлемі сәулетшілік құрылтайы басталды

Түркі әлемі инженерлік, сәулетшілік пен қала құрылысы құрылтайы Қырғызстанның астанасы Бішкекте басталды.
5 күнге созылатын құрылтайтың негізгі тақырыбының бірі «Құрлықтарды жалғайтын жобалар».
36 елден келген инженерлер, сәулетшілер мен ғалымдар бас қосқан құрылтай туралы Түркі әлемі Инженерлер мен Сәулетшілер Одағы төрағасы Мехмет Жахит Турхан аталмыш жиынның ғылыми зерттеулер мен тәжірибе алмасу үшін мүмкіндік туғызатынын айтты.
Түркияның Бішкектегі өкілетті елшісі Метин Кылыч болса құрылтайдың түркі республикаларының әріптесе жұмыс істеуі үшін маңызды екеніне назар аударды.
Құрылтайда Трабзон мен Бішкек қалалары «бауырлас қалалар» протоколіне қол қойды.
Түркі сәулет өнерін танытуды мақсат еткен сәулетшілердің Бішкек үшін әзірлеген қаланы гүлдендіру тақырыбындағы халықаралық жобалар сайысының нәтижелері де белгілі болды.
25 жоба қатысқан сайыста дәрежеге кіргендер түрлі сыйлықтармен марапатталды.
Құрылтайдың күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың бірі де «Құрлықтарды жалғайтын жобалар».
«Мармарай», «Үшінші бұғаз көпірі» сияқты ауқымды жобалар егжей-тегжейлі таныстырылатын болады.
Құрылтайда сондай-ақ 2015 жылы үшін Түркі әлемі мәдени астанасы үшін Бішкек қаласы үміткер ретінде көрсетілетін болады.
Екі жылда бір өтіп тұратын бұл құрылтай арқылы инженерлік, сәулетшілік пен қала құрылысы салаларында Түркі әлемі стандарттарының қалыптастырылуы көзделіп отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар