Әзірбайжан президенті Илхам Алиев Ердоғанға табыс тіледі

Түркиядағы сайлау Әзірбайжан баспасөзінде кең орын алды

86879
Әзірбайжан президенті Илхам Алиев Ердоғанға табыс тіледі

Бүгінгі көптеген газет пен интернет парақшасының басты тақырыбында Түркиядағы президент сайлауы орын алды.
Азаттық газеті сайлау қорытындысын «Чанкаяның иесі Ердоған» тақырыбымен жариялады.
Сайлау қорытындысына толық бетте орын берген газет премьер-министр Ердоғанның бірінен соң бірі тоғыз сайлаудан жеңіспен шыққанына назар аударған.
‘APA’, ‘Trend’, ‘Lentaz’, ‘Selamnews’ сияқты агенттіктер де сайлау қорытындысын соңғы жаңалық ретінде жариялады.
Телеарналар болса жаңалықтарында тікелей эфирден сайлау қорытындысын берді.
Әзірбайжан президенті Илхам Алиев болса дәстүрді бұзбады және Ердоғанды шетелден тұңғыш құттықтаған президент болды.
Президент Алиев телефонмен Ердоғанды құттықтап, жаңа қызметінде табыс тіледі.
Екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық пен бауырластық түсінігінің жаңа кезең де одан әрі дами отырып жалғасуын тіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар