Түрікменстан президенті Бердімұхамедов Түркияда

Бердімұхамедов сапарының өз межесіне жеткенін айтты.

82402
Түрікменстан президенті Бердімұхамедов Түркияда

Түрікменстан президенті Бердімұхамедов Түркияда.
Түркі кеңесінің 4-ші отырысына қатысу мақсатымен Түркияға келген Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов президент Абдуллах Гүл тарапынан Чанкая сарайында қарсы алынды.
Артынан оңаша және делегация аралық кездесулер өткізілді.
Гүл ортақ баспасөз мәслихатында Түрікменстанмен қатынастардың керемет деңгейде екенін атап көрсетіп, «Байланыстарымызды барлық салада жетілдіру бағытында күш жұмсаудамыз. Түрікменстанмен керемет қатынасымыздың ең маңыздылары экономикалық және сауда саласында жүзеге асуда» деді.
Бердімұхамедов та сапарының өз межесіне жеткенін айтты.
Түрікмен басшы артынан премьер-министр Ердоғанмен кездесу үшін Премьер-министрлік ғимаратына барды.
Бердімұхамедов Мәжіліс төрағасы Жемил Чичекпен де кездесті.
Президент Гүл түрікмен басшының құрметіне Чанкая сарайында кешкі қонағасы берді. Гүл қонағасыда екі ел арасындағы қатынастарда соңғы жеті жылды бағаландырып, «Бір қарағанда, Түркия-Түрікменстан қатынастарында «алтын дәуір» өтіп жатыр. Мақсатымыз – осы бағытты сақтап, ықпалдастықты жаңа өреге жеткізу» деді.
Бердімұхамедов та сапарының екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамуына және баюына үлкен үлес қосатынына сенетінін білдірді. Түрікмен басшы президент Гүлге «Мақтымқұлы Пырағы» орденін тақты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар