Сұлтан Алп Арыстанның қабірін іздеу

Қолдағы деректер Анкарада талқылануда.

62703
Сұлтан Алп Арыстанның қабірін іздеу

Сұлтан Алп Арыстанның қабірін іздеу жұмыстары толастамайды.
Түрік ынтымақтастық және өркендеу агенттігі ТИКА басшысы Сердар Чам «Сұлтан Алп Арыстанның қабірінің анықталған бес жердің бірінде екеніне кәміл сенеміз. Іздеу алаңын тарылттық» деді.
Сердар Чам іздеу жұмыстарына байланысты соңғы ахуалды ТРТ арнасына баяндап берді.
Ұлы түрік қолбасшысы Сұлтан Алп Арыстанның қабірінің табылуы мақсатымен Түркия өткен жылы іске кірісті.
Түркия елбасы Абдуллах Гүл мен Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов хаттамаға қол қойып, осы тақырыпта ТИКА-ға тапсырма берді.
Ғылыми іздеу жұмысында соңғы жағдай Анкарада «Сұлтан Алп Арыстан және Мары» тарихи деректер мен зерттеулер жиналысында қаралды.
Осы тақырыпта маңызды жетістіктер бар екенін және жаңа әдістер қолданғандарын атап көрсеткен ТИКА басшысы «Бастапқыда 1200 гектарлық алаң әуеден суретке түсіріліп, артынан карта қалыптастырылды. Топырақтың астынан 15 метр жерге дейін түсе алатын радиометр әдісімен рентген түсірілді, тарихи жер қабаттарына сай деректер жинақталды» деді.
Чам қолдағы мәліметтердің ғылыми еңбек аясында бір каталогта жинақталғанын айтты.
Сондай-ақ Түрікменстанның Мары қаласында екі сахабаның мазарының реставрация жұмыстары жалғасып жатыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар