Қажы Байрам Уәли

Анадолының рухани сәулетшілерінің бірі

521592
Қажы Байрам Уәли

Қажы Байрам Уәли – мырзалықтар және Османлы кезінде өмір сүрген Анадолының рухани сәулетшілерінің бірі.  Шын аты Нуман. Анкарада 1340-1350 жылдар арасында дүниеге келгені белгілі.  Әкесінің аты Ахмет,  атасының аты Махмут.  Анасының аты тарихи құжаттарда кездеспейді.  Қабірі Анкараның Солфасол ауылында. Бүгінгі күні Қажы Байрам Уәли туылған үй ретінде қабылданған бір үй сол ауылда мешіттің қасында.

**

Оған Байрам деген есімді ұстаздарының бірі, Сомунджу Баба деп аталып кеткен Шайх Хамидуддин Аксараи берген.  Қажы Байрам Уәлидің өзінен кіші Сафиуддин және Абдал Мурат атты інілері болғаны белгілі.  Сафиуддиннің қабірі белгісіз,  Абдал Мураттың Қажы Мурат Уәли деп аталып кеткен інісінің қабірі Чанкырының Елдиван ауданына қарасты Сейдикөй ауылында.

Қажы Байрам Уәлидің бесеуі ер, үшеуі қыз, сегіз баласы болған. Ер балалары Ахмет Баба, Баба Султан, Едхем Баба,  Ибраһим Баба және Али Баба. Қыз балаларының арасынан тек Хайрүнниса хатун белгілі.  Қажы Байрамның ұрпағы баласы Шайх Ахмет Баба және қызы Хайрүнниса хатуннан келеді және бүгінге дейін жалғасуда.

Османлы кезінен қалған құжаттарда Қажы Байрам Уәли тегінен келетін тұлғалардың аттары кездеседі.  Анкарада Фатыма Баджы ауылында мазар, мешіт сынды мұрасы бар Қажы Туғрул мен Оғыл мырзаның осы Қажы Байрам ұрпағы екені түсінікті болған.

Ұлдарының бірі Ахмет Баба Анкарада Пір үйі атты ошақта шайх болған.  Қызы Хайрүнниса хатун болса түрік әдебиетінде және мәдениетінде із қалдырған ақын Ешрефоғлу Румидің жұбайы болған.

**

Қажы Байрам Уәлидің балалық кезінде Анкара мен төңірегі Османлы падишасы Орхан Ғазидің баласы Ғази Сүлейман паша тарапынан 1354 жылы Османлы жеріне қосылған.  Аймақ орталығы болған Анкара Османлы кезінде де маңызды орын алып,  Анадолы мырзалығының әкімшілік орталығы болған.

Қажы Байрам Уәли де сол жылдары кішкене бала.  Ахилер ықпалды болған жерлердің бірі Анкарада балалығы өтеді.

Қала орталығы және ауылдарда кәсіпкерлер одағының өкілі – ахи бабалар болды.  Ахи Чомак,  Ахи Махмут, Ахи Елван, Ахи Хүсам, Ахи Шерафеддин, Ахи Якуб, Ахи Мурат, Ахи Доған, Ахи Өрен және Ахи Месуд осылардың кейбірі. Ахилер қаласында өскен Қажы Байрам Уәлидің басқа бір лақабы да Ахи Сұлтан. Қажы Байрам Сомунджу Бабаның қасына бармастан бұрын Мелике Хатун медресесінде ұстаздық етеді.

**

Әулие Челеби 1560 жылы Қажы Байрам Уәлидің қабірі мен кешеніне барады.  Әулие Челебидің жазғанына қарағанда Ер Сұлтан – Қажы Байрамның ұстазы.  Ер Сұлтанның Анкарада кішкене мазары бар.  Мазарға азаматтар келіп тұрады.  

Қажы Байрам Уәли әрі жоғары білім алған тұлға, әрі дәруіштердің бірі,  әрі сопы. Йылдырым Беязыт Ханның Орталық Анадолыға жорығы барысында жоғары міндетке тағайындалды. 1402 жылы Анкара шайқасында Йылдырым ханның армиясы жеңіліске ұшырағаннан кейін Сомунджу Бабамен бірге Бурсадан көшеді. Адана аймағында Жейхан өзенінің жағасында бір ауылға қоныс тебеді. Осы жерден бір мезгіл тұрғаннан кейін Бурсаға қайта оралады.  Сомунджу Баба Аксарайға қайта оралғаннан кейін Қажы Байрам да Анкараға қайтады. Оның атақты шәкірттері арасында Фатих Сұлтан Мехметтің ұстазы Акшемседдин болады.  Сұлтан ІІ Мұрат Қажы Байраммен Едирне қаласында кездеседі.

Қажы Байрам 1430 жылы Анкарада дүниеден озады.  Өзінен кейін «байрамилік» деп аталған сопы мектебінің де бастаушысы ретінде қабылданады.

Османлы тарихының ең көне жазушысы Ашыкпашазаде оны былай түсіндіреді: «Анадолыда Қажы Байрам ортаға шықты.  Оның дұғалары орындалатын еді»



Ұқсас жаңалықтар