Түрік ғұламасы Ибн Араби

Мухиддин Ибн Араби Шейх Екбер, Сұлтан-үл арифин, Хатем-үл Әулия, Күтбү Хүмам, Ибн Араби деген есімдермен аталады.

424412
Түрік ғұламасы Ибн Араби

Сабреддин Коневидің ұстазы:

Күнтізбектегі есепке қарағанда 1165 жылдың 7 тамыз сенбі күні Қадір түнінде Әл-Андалусидің (Испания) Мурсия ауданында дүниеге келген. Әкесі Али Ибн Мұхаммед тақуа кісі, хадис ілімімен айналысқан, сол кездің Андалусында маңызды ресми қызметтер атқарған. Ибн Рүшдпен дос болған адам. Ибн Араби балалық кезінде Әл-Андалусидің ең маңызды тұлғаларының бірі Ибн Рүшдпен танысқан. Ол осы рухани тұрғыдан бай ортада өсіп, таңдаулы даналардан тәрбие алған сопы.

**

Ибн Араби - асыл текті, мәдениетті, материалдық және рухани жағынан таңдауды бір отбасының жалғыз ер баласы. Сегіз жасында ілім алу үшін Севилья қаласына барады. Осында Ибн Бешкувал және Әбу Мұхаммед сынды даналардан сабақ алады.

Ибн Араби 1185 жылы сопылық жолына кірді. 20 жасына дейін сопылықты жақыннан таныған Ибн Араби осыдан кейін сопылыққа жарасатын түрде тұрмыс салтын таңдайды. Ол бұл тақырыпта «Биыл Алланың әл Беди- жаратушы есімі арқасында «кәміл ақыл»сатысына келдім» дейді.Өмірінде 300-ден астам ғалым мен шейхпен танысып, оларды тыңдаған Ибн Арабидің сопылық жолына кіруі Әбул Аббас Ахмед әл Урейни арқылы болды. Әл Урейни батыс Андулистегі Улья ауданында тұратын. Аллаға құлшылық тақырыбында терең білімді, сонымен бірге ауыл халқы жатырқайтын кейбір пікірлері салдарынан қуылған соң, Севильяға келіп, осында Ибн Арабиге әсер етеді. Ибн Араби оның сұхбатында тәубаға келіп, іс жүзінде сопылықты бастайды. Жастық кезінде түрлі билеушілер мен мемлекет қайраткерлерінің құзырында хатшылық қызметін атқарады. Ибн Араби Севильядан Себте қаласына барып, осында ахлақ мәртебесіне жеткені айтылған Ибн Жүбейрмен танысады.

1196 жылы Мароккоға барып, осындағы саяхаттары барысында үлкен атаққа ие болады. 1198 жылы қайтадан Андулиске барып, Гранада қаласы маңындағы Бага ауданында Шекказ атты бір шейхке барады. Ибн Араби артынан шығысқа қарай саяхатын жалғастырып, Тунис және Мысырға барды. Ол жерден 1199-1200 жылдары бірінші рет қажылық үшін Меккеге барады. 1202 жылы Мәдинада, 1204 жылы Мосул мен Бағдатта болады. Мосулда «Еске келген алғашқы жазулар» атты еңбегін жазады және 1205 жылы Анадолыға келіп жетеді. Урфа, Диярбакыр, Сивас арқылы Малатияға келіп, ол жерден Конияға қоныстанады. Садреддин Коневидің жетілуіне үлес қосады. Айырықша Шейх Междеддин Ысқақ та осы сапарында онымен бірге болды. Ибн Араби Междеддин Ысқақтың өсиетіне орай оның жесір әйелімен үйленеді.

**

Ибн Араби Селчук сұлтаны І Гыяседдин Кейхүсрев және І Иззеддин Кейкавуспен жақын достық құрады. Конияда болған кезінде «Нұрлар хаты» деген еңбегін жазады. Артынан Мысырға барып, қайтадан Меккеге кетеді. Осында бір мезгіл қалғаннан кейін Дамаскіге барады. Дамаскіде «Фүтүхат»тан кейінгі өзінің ең ұлы шығармасы деп қабылданған «Фусус-үл Хикем»ді жазады.

Ибн Араби 124 жылы 16 қараша күні Дамаскіде қайтыс болады. Дамаскінің Салихие аймағына көміледі. 1516 жылы І Селим падиша Дамаскіні Османлы жеріне қосқанда оның қабірінің басына мазар, мешіт мен бір асхана салғызады.

«Фусус-үл Хикем» 37 томдық Фүтүхат сынды туындылары оның ілім жолындағы ұлылығына бір-бір айғақ. Саны 500-ге жақын туындыларының көбі сопылыққа байланысты. Осы туындылардың кейбірі батыс тілдеріне аударылған.

Мухиддин Ибн Араби Шейх Екбер, Сұлтан-үл арифин, Хатем-үл Әулия, Күтбү Хүмам, Ибн Араби деген есімдермен аталады. Андулисте болса Ибн Серака деген атпен атағы шыққан.

Дін философиясында жаратқан мен жаратылғанның бір қайнар көзден келгенін және «бір» екенін алға тартқан Болмыстың бірлігі доктринасының басты өкілі. Өзінен кейін осы көзқарасты қабылдаған сопылар Екбери деп аталған. Екберилік Мүхиддин Ибн Арабидің лақаптарының бірі Шейх Екберден келеді. Сопыларға қарағанда өздігінен болған болмыс бір ғана. Ол да Хақ Тағала. Бұл болмыс мәңгі, көбею, бөліну, өзгеріс, жаңалану қабылдамайды. Алайда Хақ сыпат пен істері арқасында, еш өзгерместен барлық сурет пен тұлғаларда көрінеді. Өзгеріске және түрлілікке толы ғаламдағы барлық жанды және жансыз атаулы тек Оның арқасында болады.

1240 жылы 10 қараша күні қайтыс болған Ибн Арабидің қабірі Явуз Сұлтан Селим тарапынан салынады. Оның қабырының құрылысы туралы Менакыбнамасында айтылған бір жайт назар аударады. Осы туындыға қарағанда Ибн Араби қабірінің Османлы сұлтаны тарапынан табылуына алдын ала ишарат қылып, «Селим Дамаскіге кіргенде Мүхиддиннің қабірі табылады» деген екен.



Ұқсас жаңалықтар