Ресей мен Түркия арасында экономикалық ынтымақтастық барған сайын күшеюде

Түрік әлемінен жаңалықтар-36

799662
Ресей мен Түркия арасында экономикалық ынтымақтастық барған сайын күшеюде

 

 

Жаңалығымызды Түркияның Измир қаласынан  келген бір хабармен бастайық.

Ресей мен Түркия арасында экономикалық ынтымақтастық барған сайын күшеюде. Ресейдің автомобиль фирмасы Камаз бен автомобиль бөлшектерін өндіретін Тирсан Кардан фирмасының Халықаралық Измир Жәрмеңкесі аясында Ресейде ортақ фирма құруды мақұл көрген бір келісімге қол қойғаны жарияланды.

86-шы Халықаралық Измир Жәрмеңкесінде орыс пен түрік фирмалары арасында жиыны бес ынтымақтастық келісімі жасалды.

Камаз бен автомобиль бөлшектерін өндіретін Тирсан Кардан фирмасының келісімімен қатар орыс энергия фирмасы Inter RAO Engineering және түрік уран индустрия фирмасы энергия жұмыстарының жасалуы мақұл көрген бір келісіміне қол қойды.

Ресей әкімшілігі екі елдің дағдарыстан кейін қарым-қатынастардың қалыпқа түскенін ойлап, Ресей мен Түркия арасындағы сауданы күшейту мақсатымен Халықаралық Измир Жәрмеңкесіне қатысу шешімін жасады.

Ендігі жаңалығымыз Түрікменстан жайлы.

17-27 қыркүйек күндері арасында болып өтетін 5-ші Азия ойындары аясында бір түрік фирмасы тарапынан салынған Ашғабат Олимпиада комплексі ішіндегі Олимпиада стадионын бейнелеген жылқының бас мүсіні мен жабық су спорттары орталығы Гиннесс рекордтар кітабына енді.

Рекордтар Түрікменстан Министрлер Кеңесі мүшелері, 5-ші Азия ойындары атқару комитеті лауазымдары, университет оқытушылары мен студенттер қатысқан бір рәсіммен танытылды.

Ашғабат Олимпиада стадионын бейнелеген жылқының бас мүсінінің 40,05 метр бойы және 37,69 метр енімен әлемнің ең үлкен ат мүсіні ретінде Гиннесс лауазымдары тарапынан тіркелгені атап көрсетілді.

Таныту рәсімінде жылқының бас мүсінінің үлкендігіне қоса, көркемөнерлік көрінісімен де назар аударды. 17 қыркүйек күні өткізілетін 5-ші азия ойындары ашылу рәсімінде олимпиада алауының эстафетасы, жылқының басына орнатылған платформада жағылмақ.

Ахал теке жылқылары Түрікменстанда мәдени мұра ретінде қабылданады. Президент Гурбанқұлы Бердімұхаммедов ахал теке жылқыларының генетикасының сақталуы, танытылуы және жылқыны қолда ұстауға аса мән береді. Жылқы басының мүсіні де мұның символы болып табылады.

Жылқы басының мүсініне қоса, су спорттары орталығы да 4976,65 текшеметрлік жабық алаңда салынған олимпиадалық стандарттардағы хауызымен Гиннесс рекордтары кітабына енді.

Жаңалығымызды Татарстанмен жалғастырамыз. Газет «Түрік инвесторлары Татарстанда автомобиль бөлшектерін өндіру үшін орын іздеуде» деген хабарға орын берген.

Түркияның «Kozmaskan» фирмасы Татарстанның Чаллы қаласында орын алған Ресейдің ең үлкен камаз фирмаларының бірі «КамАЗ» фирмасына автомобиль бөлшектерін өндіруді жоспарлауда. Инвестиция жобасының алғашқы сатысындағы шығыны 250 миллион рубль.

Чаллы қалалық әкімшілігінің хабарына қарағанда түрік фирмасы осы инвестиция үшін Чаллы қаласына көршілес болған Алабуга қаласында жұмыс істеген Татарстанның «RİTSKİ» фирмасын таңдады.

«Kozmaskan» фирмасының инвестиция жобасы үшін кем дегенде 2,5 мың шаршы метрлік бір алаң керек. Жобаны жүзеге асыруына үш жыл уақыт алады және алғашқы сатыда 250 миллион рубль қажет.

Түркия-Татарстан ортақ фирмасының осы инвестициясы арқылы 150 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.

Бағдарламамызды Әзірбайжан жөнінде бір хабармен  аяқтаймыз.

Кавказда бір жұтым түрік шайы. Еуразия экономикалық қарым-қатынастар қоғамының ынтымақтастығымен жасалған түрік шайының таныстырылуы өткен жылдағы сияқты биыл да жасалуда. Таныстырудың соңғы аялдамасы дос және бауырлас ел Әзірбайжанның бас қаласы Баку болды.

Еуразия экономикалық қарым-қатынастар қоғамы төрағасы Хикмет Ерен жасаған мәлімдемесінде «Бұдан бұрын түрік шайының таныстыруын Балқанда жасап, үлкен алғысқа ие болған едік. Қазіргі нысанамыз болса Кавказ және бұның алғашқы аялдамасы да бауырлас ел Әзірбайжан болды. Бұдан кейін Кавказдағы басқа түркі географиясын да қамтитын жобаларда қоғам ретінде өз міндетімізді орындауға тырысамыз» деді. 



Ұқсас жаңалықтар