Алиев 2017 жылын «Әзірбайжанда Ислам селбесу жылы» деп жариялады

Түрік әлемінен жаңалықтар-3

655862
Алиев 2017 жылын «Әзірбайжанда Ислам селбесу жылы» деп жариялады

Бүгінгі бағдарламамызды Әзірбайжанмен байланысты жаңалықтармен бастаймыз. Әзірбайжан президенті Илхам Алиев 2017 жылын «Әзірбайжанда Ислам селбесу жылы» деп жариялады.

Әзірбайжанда 2016 жылының әлеуметтік және экономика өркендеудің нысаналары, министрлер кеңесі талқыға салынды. Жиналыста баяндама жасаған Әзірбайжан президенті Илхам Алиев егер шетелден жәрдем болмаса, Арменияның Әзірбайжан алдында бір апта тұра алмайтынын айтты. Сәуір айында болған қақтығыстарда Әзірбайжанның қайтадан күшін көрсеткенін және үлкен жеңіске қол жеткізгенін баяндаған президент Алиев бұның Әзірбайжанның ешқашан территорияларын жаулауына рұқсат бермейтінін тағы бір көрсеткенін білдірді. Алиев «Біз барлық провокацияға тойтарыс береміз. Сонымен қатар Арменияның талай жылдан бері айтып келе жатқан жалғандары жарыққа шықты. Олар өздері де шетелден жәрдем алмай, қарсымызда бір апта тұра алмайтынын мойындауда» деді.

Әзірбайжанның Ислам әлемінде үлкен құрметке ие ел екенін түсіндірген президент Алиев «Ислам ынтымақтастығы ұйымы басшыларының біздің ел туралы айтқандарына қараңдар. Кейде бір-бірімен келісе алмаған мұсылман елдері бізге үлкен құрмет көрсетуде. Біздің саясатымыз осы. Біздің саясатымыз шын пейіл, дұрыс, әділетті, принципті және батыл. Осы жағдайлар аясында мен 2017 жылын «Әзірбайжанда Ислам селбесу жылы» деп жарияладым» деді.

 Ендігі жаңалығымыз Түрікменстаннан. Түрікменстан 5-ші Азия олимпиада ойындарына дайындық жасауда. 5-ші Азия ойындары қыркүйек айында Ашхабадта өтеді. Азия олимпиада ойындары үшін дайындықтардың көбі тамамдалды. Өткен күндерде ойындардың марка символы мен талисманы белгіленген. Құйрығы бұралып, құлағы кесілген, ұлттық және спорт киімдері ішіндегі «Алабай» иті ойынның талисманы ретінде таңдалса, марка символы да Түрікменстанның өткені мен бүгінін бейнелеген тарихи Жібек жолы құмынан өткен бір керуен суреті болды.  

10 қаңтарда да мемлекеттің көптеген органында олимпиада дайындық іс-шаралары бар еді. Олимпиадаларға 250 күн қалғаны себепті бірқатар облыста спорттық мақсатындағы шаралар өткізілді.

 Олимпиада іс-шаралары аясында 17 атты жас жігіт Түрікменстан байрағы, олимпиада жалауы және алаудан құралған аманатты қолдарына алып, мемлекеттің барлық облыстары мен маңызды орталықтарын аралауда. 5-ші Азия ойындарының басталуына 500 күн қалғанда бұл шеру Ашхабадтағы тарихи Ниса қорғанынан басталды. Ахал және Балқан облыстарынан кейін аманаттар Дашоғұз шабармандарына тапсырылды. Олимпиадалардың басталуына 250 күн қалғанда Дашоғұз атты жігіттері аманатты Лебап облысы атты жігіттеріне тапсырып берді.

Дашоғұз және Лебап облыстары шекарасындағы Газоджак қаласында рәсім алаңдарында  дәстүрлі түрікмен үйлері тігілді, ұлттық мәдениетке байланысты көрмелер ашылды. Рәсімде түрікмен спортшылардың ойындары мен ұлттық күрес ұйымдастырылды.

 Лебаптың атты жігіттері аманатты тапсырып берген кезде, Лебап қарттары Дашоғұздың жігіттеріне сыйлық тарту етті. Рәсім Түрікменстанның әйгілі әншілерінің концертімен аяқталды.

Лебап облысының атты жігіттері тарапынан тапсырып алынған Түрікменстан байрағы, олимпиада жалауы және алаудан құралған аманат Лебап облысынан кейін Марылықтарға тапсырып беріледі және 17 қыркүйектегі олимпиада стадионына әкелінеді.

 Ең соңғы жаңалығымыз Қазақстанмен байланысты.

 2017 жылы Орталық Азиядағы халықтың саны 70 миллионнан асады. Осы туралы мәлімдемені Қазақстан стратегиялық зерттеу институты директоры Қарин Ерлан Тынымбайұлы жасады.

Ерлан Тынымбайұлы «2017 жылы демографиялық даму тұрғысынан Орталық Азия үшін бұрылыс түйіні болады. Жаңа жылда Орталық Азия халықтарының жалпы саны 70 миллионға жетеді. Бәлки бұл санақтан көп болуы да мүмкін» деді.

Ерлан Тынымбайұлының айтқаны бойынша бұл өте маңызды. Өйткені 25 жыл бұрын Орталық Азияда адам саны 50 миллион ғана еді. Яғни 25 жылда аймақтағы адам саны 34 пайыз артты.

Бұның  адам санының артуы және өлім санының азаюы, өмір сүру мерзімінің ұзартылуы және аймақта туу деңгейінің артуына байланысты екенін білдірген Ерлан Тынымбайұлы «Бұл бағыт алдымыздағы жылдарда да жалғасады» деді. 



Ұқсас жаңалықтар