Түркия-Әзірбайжан-Қазақстан үштік механизмі

Түрік әлемінен жаңалықтар-2

650642
Түркия-Әзірбайжан-Қазақстан үштік механизмі

Бүгінгі бағдарламамызды Түркия Республикасымен байланысты бір жаңалықпен бастаймыз. Түркия Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Анадолы агенттігіне сұхбат беріп, маңызды мәлімдеме жасады.

Министр Чавушоғлұ Түркия-Әзірбайжан-Қазақстан үштік ынтымақтастық форматының құрылуы жөнінде жұмыстардың жасалып жатқанын білдірді. Балкан және Кавказда үштік механизмнің жалғасатынын айтқан Чавушоғлұ келесі айларда Әзірбайжан-Түрікменстан-Түркия үштік саммитінің өткізілетінін атап өтті.

 Министр Чавушоғлұ Түркия-Әзірбайжан-Қазақстан үштік механизмнің таяуда жүзеге асырылатынын баяндап «Аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылықты қорғау үшін жалғасты атсалысудамыз. Жан-жақты сыртқы саясат жүргізудеміз. Командамызбен бірге осыған дайынбыз» деді.

 «2017 жылынан нелер күтесіз?» деген сұраққа орай Чавушоғлұ  өткен жылы барлық қиыншылықтарға қарамастан экономикалық дағдарыс кешірмегенін, сондай-ақ Түркияның жалғасты өскенін айтты. Фетуллахшы террор ұйымының 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетін еске салған Чавушоғлұ «Түрік ұлты төңкеріс әрекетіне қарсы  мықты тұрып, береке-бірлігін күшейтті. Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында барша халық болып,бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарды. Барлығымыз ұлтымыз бен мемлекетіміздің болашағы үшін құлшына жұмыс істеудеміз. 2017 жылының тіпті жақсы бір жыл болатынына сенеміз» деген сөздер қолданды.

Ендігі жаңалығымыз Қырғызстанға байланысты. Қырғызстан президенті Алмасбек Атамбаев 5 қаңтар күні 2017 жылын «Ахлак, білім беру және мәдениет жылы» деп жариялаған бір шешімді бекетті.

Шешімде былай делінді: «Жаһандық өзгерістер мен заманауи технологияның дамуы Қырғызстан Республикасы үшін үлкен бір орай болып табылады. Бізге үлкен жауапкершілік жүктелуде. Осындай жағдайда мемлекеттің стратегиялық даму нысанасына жетуі  үшін мемлекетіміз және халқымыз алдымен ахлакына, білім беруіне және мәдени құндылықтарына ие шығуы керек.

 Тарих және мәдениет жылы деп жарияланған 2016 жылғы іс-шаралар қалың қауымның қолдауына ие болды. Халқымыз тарихи және мәдени мұраларын қорғауға қатты атсалысты. Осы салада ұлтымыздың үлкен бір потелциалының бар екенін, осы құндылықтардың заманауи қырғыз ұлттық сана-сізімінің қалыптасуының іргетасы болатынын көрсетті.

Осы іс-шаралардың арқасында Қырғызстан азаматтарының өз елі мен өз халқының тарихына деген қызығушылығы артты. Мемлекетте мәдениет мен рухани құндылықтар дамыды. 2016 жылы Қырғызстанда 1916 жылғы ұлттық азаттық қозғалысының 100-ші жылдық мерейтойы салтанатты  түрде атап өтілді. Халқымыздың еркіндікті аңсаған арманы жүзеге асты. Осы аяда 2017 жылын «Ахлак, білім беру және мәдениет жылы» деп жариялануы халқымыздың және мемлекетіміздің жан-жақты дамуы үшін маңызды бір қадам болады».

 Кезектегі жаңалық Ресей Федерациясына қарастан Татарстан Республикасынан.

 Tataturk.com интернет сайтында орын алған хабарға қарағанда 2016 жылы Татарстан тұрғысынан табысты бір жыл болды. Дағдарысқа қарамастан Татарстан инвестицияларды өз аймағына тартты. Ресейдің көптеген облыстары және қалаларымен салыстырғанда Татарстан инвестиция салуға  ең тартымды жер қатарында орын алды.

 «Медиалогия» фирмасы мен «Publicity»(Паблисити) атты агенттігі Ресейде бүгін инвесторлар үшін ең тартымды болған орындарды белгіледі. Тізімнің бірінші орнын Мәскеу қаласы мен Татарстан бөлісті.  Татарстаннан кейін Қырым, Санкт Петербург және Тумен орын алды. Одан кейін ретімен Присморский край, Сахалин, Якутия, Краснодар және Липецк алғашқы 10-ның қатарында

«Ресей Федерациясының спорт астанасы» атымен білінген Татарстан Республикасы Ресейдің ең спорттық аймақтары арасында бірінші орынды иелеуде. Мұндай орынның белгілеуінде аймақтағы спорт ғимаратарының саны, аймақтық, федералдық және халықаралық деңгейде ұйымдастырылған спорт бәсекелесінің саны сынды шарттарына қаралады. Бұның тысында ұлттық чемпионаттарға қатысқан аймақтық спортшылар және командалардың да рейтингтері белгілеуші рөл ойнайды. Мұндай бір рейтингті алғаш рет Ресейдің әйгілі спорт газеті «Советский спорт» газеті ұйымдастырды.

Ресейдің спорт аймақтары рейтингтерінде Татарстаннан кейін екінші орынды Санкт Петербург және үшінші орынды Мәскеу иеледі.

 Енді Өзбекстаннан бір жаңалыққа орын берейік. Өзбекстандық Сарвиноз Курязова халықаралық шахмат турнирінде күміс медаль жеңіп алды.

Өзбекстан шахмат федерациясы тарапынан жасалған мәлімдемеде 12 желтоқсан-3 қаңтар күндері аралығында Үндістанның Мумбай қаласында 2-ші Халықаралық шахмат турнирінің ұйымдастырылғаны хабарланды.

 Осы шахмат турниріне әлемнің көптеген елінен 218 спортшы қатысты.  Бәсеке нәтижесінде Өзбекстан атынан қатысқан Сарвиноз Курязова екінші болса, Украина өкілі Гроссмейстер Адам Тухаев бірінші болды.

 



Ұқсас жаңалықтар