Түрік-Қазақ Әлемінен-62

Назарбаевтың елбасы болуына түрік халқы мен мемлекет басшылары да қатты қуанды.

271353
Түрік-Қазақ Әлемінен-62

Қазақстанда шығатын www.inform.kz. интернет сайты ағымдағы жылы 29 сәуірде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі кезінде Түркиядағы Қазақстан Елшілігінде жетекші саяси қайраткерлер, Анкарада аккредиттелген халықаралық ұйым мен дипломатиялық корпус өкілдері мен елдің іскерлік ортасының жиналғаны хабарлаған.
Хабар бойынша Елшіліктің конференц-залында жиынға қатысушылар тікелей эфирден ҚР Президентін ұлықтау рәсімін тамашалады.
Түркиядағы ҚР Елшісі Жансейіт Түймебаев Қазақстанда өткен сайлау туралы баяндады. Сонымен бірге ол бес институционалдық реформа мен елдің мемлекеттік құрылымының 100 нақты қадамын айтты.
«Аз уақыт ішінде Қазақстан аймақтық державаға айналды, ал ел Президенті Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге түрік әлемінің лидері болып табылады. Қазақстанның ең дамыған 30 елдің қатарына кіруге барлық мүмкіндіктер бар», - деді Түркия Парламентінің депутаты, Қазақстан-Түркия достық тобы төрағасының орынбасары Исмаил Сафи.
«Қазақстандағы маңызды тарихи өзгерістер Елбасының есімімен байланысты. ҚР азаматтары Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметін лайықты бағалайды», - деді саясаттанушы, Орталық Азия бойынша сарапшы Куршад Зорлу.

Түрік бұқаралық ақпарат құралдары 2015 жылғы 26 сәуірде өткен кезектен тыс Қазақстан Президенті сайлауын мұқият қадағалап отырды.

«Хүрриет», «Тараф», «Заман», «Жумхуриет», «Бүгүн», «Миллиет» және т.б. сияқты Түркияның орталық газеттерінде сайлау күні мен одан кейінгі бірнеше күннің ішінде Қазақстандағы сайлау және Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық миссияларында құрылған сайлау учаскелеріндегі жағдай туралы ақпараттар жарияланды.
«Ватан» газеті сайлаудың қорытындылары бойынша сайлаудың жеңімпазы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа арнап басылымның бір бетін жариялады. Газет редакторы Мұстафа Кемал Саллы сайлау күні Астанаға арнайы барып, сол жерден Қазақстандағы сайлау үдерісі және сайлаудың нәтижелері туралы 3 күн бойы ақпарат беріп отырды. Газет редакторы Мұстафа Кемал Саллы Президент Н.Ә.Назарбаевқа арналған арнайы парақшада келесідей баяндады: «Аты аңызға айналған Қазақстанның көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев 97,7% дауыс жинап, бесінші мәрте бауырлас Қазақстанның Президенті болып сайланды. Қазақстан Басшысы сайлау науқаны барысында «Қазақстан-2050» стратегиясы аясындағы «Нұрлы жол» экономикалық бағдарламасына ерекше назар аударды».
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қайтадан елбасы болып сайланғанына түрік халқы мен мемлекет басшылары да қатты қуанды.
Президент Режеп Тайып Ердоған Қазақстандағы президент сайлауын жеңіп алып, қайтадан елбасы болған Нұрсұлтан Назарбаевты телефон арқылы құттықтады.
Сайлаудың тыныш және қауіпсіз ортада өткізілгеніне ризашылығын білдірген Ердоған 15-17 сәуірде Қазақстанға жасаған ресми сапары барысында өзіне және делегациясына көрсеткен қонақжайлылығына орай Назарбаевқа алғыс айтты.
Ердоған мен Назарбаев екі ел арасындағы қарым-қатынастарды тіпті де күшейту жөніндегі бекімді екендерін қайталады.
Түркияның бұрынғы Президенті Абдуллаһ Гүл Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті.
Абдуллах Гүл Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы тарихи жеңісімен және Қазақстан Президенті лауазымына ресми кірісуімен құттықтады.
Мемлекет басшысы түрік саясаткерінің екі елдің бауырластық байланыстарын нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.
Абдуллах Гүл Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан-Түркия стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдетуге ұмтылысын толық құптайтынын айтты.
Соңында Түркияның экс-Президенті Елбасының ел дамуының жаңа кезеңіндегі стратегиялық міндеттерді табысты жүзеге асыруына тілектестік білдірді.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша таяуда Түркиядағы Қазақстан Елшілігінде ҚР Отан қорғаушылар күні мемлекеттік мерекесін атап өту бойынша салтанатты қабылдау өтті.
Өз сөзінде Түркиядағы Қазақстан елшісі Жансейіт Түймебаев Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 70 жылдығын мерекелеу аясында Түркияда қабылдау өткізудің маңыздылығын атап өтті. Қатысушыларды мерекемен құттықтаған елші Астанадағы ҚР Қарулы Күштерінің салтанатты шеруі жайлы айтты.
Қабылдауға Бас штаб, ТР Ұлттық қорғаныс министрлігі, жандармерия, ТР Президентінің аппараты, басқа да министрліктер, Анкара қаласы дипломатиялық корпусының өкілдері, әскери атташат, оның ішінде Ресей, АҚШ, ТМД, Еуропа және басқа да елдер өкілдері, қорғаныс өнеркәсібінің жетекші кәсіпорындары, Түркия қоғамдық-саяси, ғылыми-академиялық және іскерлік орта өкілдері мен Түркия оқу орындарында білім алып жатқан Қазақстан азаматтары қатысты.
Түркия Қарулы Күштері Бас штабының өкілі Қазақстанды мерекемен құттықтай отырып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тиісті деңгейін дамыту маңыздылығына тоқталды және түрік тарапының осы үрдіске күш салуға әзір екендігін білдірді. Ол сондай-ақ қазақстандық және түрік курсанттарымен алмасу жалғасып жатқандығын қосты. Түркияда жыл сайын әскери училищелер мен академияларда 70-80-дей қазақстандық курсанттар білім алады.
Қабылдау барысында шақырылғандар Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шерудің көрсетілімін көру мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлады елшіліктен. Қатысушылар Қазақстан туралы фото-және видеолармен танысты. Қазақстандық шығармашылық ұжымның концерттік бағдарламасын тамашалады.




Ұқсас жаңалықтар