Түрік-қазақ әлемінен – 230

Қазақстан мен Түркия арасында жоғары деңгейдегі қарым-қатынас

159613
Түрік-қазақ әлемінен – 230

Бүгінгі бағдарламамызда Қазақстан мен Түркия арасында жоғары деңгейдегі қарым-қатынасқа мысал болатын жаңалықтарға орын береміз.

Алғашқы хабарымыз «Қазақстан Сенаты Еуразиялық Экономикалық одақ келісімін бекітті» деп аталады. 

Анадолы агенттігінің хабарына қарағанда, Қазақстан, Ресей және Белоруссия арасында 2014 жылдың мамыр айында Астана қаласында қол қойылған Еуразиялық Экономикалық одақ келісім-шарты Қазақстан сенаты тарапынан мақұлданды.


Бұл туралы Қазақстан Экономика министрі Ерболат Досаев Қазақстан парламентіндегі баяндамасында мәлім етті. Министрдің айтуынша аталмыш келісім Қазақстанның болашақ жылдардағы сыртқы экономикалық саясатының негізгі басымдықтарын анықтайды.


Жаһандық экономикалық өсімдегі баяулауға назар аударған Досаев Қазақстан экономикасын түрлендіру үшін қажетті мекемелерді Еуразиялық Экономикалық одақ ішінде қалыптастыратынын айтты. Ерболат Досаев Еуразия интеграциясының жоғары экономикалық әлеуетіне назар аударып, одаққа мүше елдердің барлық сауда айналымының 2 триллион АҚШ доллары, өндіріс өнеркәсібінің болса 1,5 триллион АҚШ долларына жеткенін білдірді.
**
Келесі хабарымыз да экономикаға байланысты.


28 және 29 қыркүйек аралығында Түркияның Стамбул қаласында аймақтық даму үшін ресурстардың қол жетімділігін қамтамасыз ету жөнінде Дүниежүзілік экономикалық форум өтті.


Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен алынған хабарға қарағанда, Қазақстандық өкілдер тобын ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев басқарды.


Форум аясында мемлекеттік-жеке меншік ынтымақтастықты кеңейтудегі аймақтың негізгі мәселелері, соның ішінде бәселестік инфрақұрылымының басты факторы ретіндегі энергия қоры, аймақтық интеграция және сауда, Еуропадағы кәсіпкерліктің дамуы, сонымен қатар Түркияның Үлкен 20-ға төрағалық ету мәселелері қарастырылды.


Дүниежүзілік экономикалық форум аясындағы кеңес мүдделі мемлекеттердің үкімет мүшелерін, азаматтық қоғамды және басқа да экономикалық шешім қабылдайтын бизнестің көшбасшыларын қатыстыру арқылы ұлттық және аймақтық өзгерістерді қалыптастыруды терең түсіну мүмкіндігін қамтамасыз етті.


Форум аясында Ерболат Досаев Қазақстан, Белоруссия және Ресей мемлекеттерінде Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы интеграциялық үрдістер ойдағыдай өркендеп келе жатқанын және бұл әлем экономикасының сыны алдында экономикалық әлеуетін дамыту үшін қажеттілік болып табылатынын айырықша атап өтті.


Мәселен, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» инфрақұрылымдық жобасы көліктік қызығушылықтың өсуіне және трансконтиненталды «көпір» құруға септігін тигізе алады.


Жалпы, шарада сөйлеген сөзінде ҚР Ұлттық экономика министрі Е.Досаев Қазақстанның әрі қарай тұрақты дамуына негіз болып табылатын аймақтық бірігулерге қатысу үрдістеріне тоқталып, Қазақстан үшін өткізу рыногы мен сауда кеңістігін кеңейту және жаңа мүмкіндіктерге жол ашу қажеттігін атап өтті.
**
Қазақстан мен Түркия қорғаныс саласындағы ынтымақтастық та нығайып келеді.


Ағымдағы жылдың 28 қыркүйек пен 1 қазан күндерінде Түркияда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Нұрлан Сауранбаев бастаған делегация кездесу жүргізді. Анкара мен Стамбул қалаларында өткен бұл сапардың мақсаты түрік қарулы күштері мен қорғаныс өндірісінің әлеуетін зерделеу және екі елдің арасындағы аталған салалар бойынша ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

Қазақстан делегациясы
Қазақстан делегациясы Түркия Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Шабан Умутпен кездесу өткізіп, қорғаныс өндірісінің беделді түрік компанияларына, оның ішінде оптикалық жабдықтар мен радиолокациялық құралдарды өндіретін «Аселсан» корпорациясына, әскери реактивтік ұшақтарға қондырғыларды өндіретін «ТАИ» корпорациясына, брондалған техниканы шығаратын «Отокар» корпорациясына барды.


Қазақстан Республикасының Түркиядағы өкілетті елшілігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанның әскери делегациясы ұшақтарды, Ұшқышсыз әуе көліктерді және басқа әуе техниканы құрастыру жөніндегі «ТАИ» компаниясының жұмысымен танысты. Қазіргі кезде бұл компания барлық әуе техника түрлерін, оның ішінде шабуылшы тікұшақтарды, Ұшқышсыз әуе көліктерді, әуе нысаналарды, жаттықтыру-шабуылшы ұшақтарды, «Эйрбас» әуе кемесінің кейбір бөлшектерін өндіріп шығарушы көпсалалы кәсіпорын болып табылады.


Сапардың барысында қорғаныс өндірісі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақ-түрік комиссиясының 7-ші отырысы өткізіліп, оның қорытындылары бойынша ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды.


Кездесулер барысында тараптар әскери, әскери-техникалық және әскери білім беру аясындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту жөнінде көзқарас алмасты. Қазақстанның әскери кадрларын шетелде даярлау бойынша Түркияда әскери оқу орындарында курсанттармен қатар офицерлерді оқыту мәселесі атап өтілді.


Қазақстан делегациясы «Аселсан» компаниясының басшылығымен бірге 2013 жылғы желтоқсанда Астанада ашылған «Қазақстан Аселсан инжиниринг» қазақ-түрік қорғаныс-өндірістік зауытының алдағы даму перспективалары және оның іске асырылуы туралы пікірлесті.


Тараптар Қазақстан делегациясы сапарының қазақ-түрік ынтымақтастығының одан әрі дамуына айтарлықтай септігін тигізетінін атап өтті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар