Түрік әдет-ғұрыптары 27

Оразадағы әдет-ғұрыптары

121452
Түрік әдет-ғұрыптары 27

Мұсылмандар үшін Рамазан айы он екі айдың ішіндегі ең маңыздысы болып табылады. Рамазанды «Он бір айдың сұлтаны» деп атайды. Осы айда адамдар ырзықтың, несібенің артқанына және Алланың күнәлерді кешіретініне сенеді. Ораза ұстау әр мұсылман үшін міндетті бір ғибадат болып табылады. Дегенмен Исламға қарағанда; мүгедектік, науқастану, жүктілік, нәрестеге сүт емізу және сапарға шығу сияқты жағдайларда ораза ұстамауға еркіндік берілген. Осы айда тұтқан ораза және ғибадаттармен әрі дене, әрі рух тазарады. Бір ай бойынша ораза ұстау адамға маңызды қасиеттер қосады. Бұл ай сабыр сақтау, күту кезеңі болып табылады. Ораза тек қана белгілі мерзім аш жүру, тамақ ішпеу емес. Нәпсіні тәрбиелеген осы кезең адамның рухы мен денесін де пісіреді. Рамазан айында сабырлы болу адамды жетілдіреді және осы үлгілі өмірдің рамазаннан кейінгі тіршілікке де әсер етуі күтіледі. Оразаның тек қана діни бір міндетті орындау емес екені шындық. Оразаның медицина, әлеуметтік және психологиялық тұрғыдан да көптеген пайдасы бар екенін ғалымдар айтып жүр. Дүниеге келгеннен бастап шаршаған денемізге бір жыл бойынша бір айлық демалыс беріп, бұл да медициналық тұрғыдан көптеген пайданы қоса әкеледі.
* * *
Рамазанмен байланысты жасалған дайындықтар қай елде болса сол мемлекеттің мәдени құрылымымен паралеллдік көрсетеді. Рамазан айын барша мұсылман сағынышпен күтеді, әрі ресми түрде, әрі халық тарапынан бірнеше апта бұрын дайындықтар басталады. Османлы мемлекеті тарапынан «тенбихнаме» деп аталған бұйрықтар жарияланып, халықтың оразаны тыныш және мәселесіз өткізуі қамтамасыз етілетін. Бұл халық үшін жарияланған бұйрықтарда адамдардың киімдеріне, үйлері мен жұмыс орындарының тазалығына назар аудару керектігі, айналасын құрметтеуі, мазалайтын ұстанымдардан бас тартылуы, азық-түлік және сусын бағаларының көтерілмеуі, әскери және полиция күштерінен басқа ешкімнің қару тасымауы және т.б. талап етілген. Қоғамның тыныштығына бағытталған осы ережелерге бағынбаған жағдайда да бұл адамдардың ресми мекемелер тарапынан жазаланатыны білдірілген. Осы жағдай бүгін жартылай болса да жалғасуда. Қазір рамазаннан бұрын жазбаша түрде және медиа арқылы губернаторлықтар Дін істері басқармасы және тиісті мекемелер мәлімдеме жариялап, рамазан айын тыныш өткізу үшін әртүрлі шаралардың қабылданғаны, әсіресе азық-түлік сапасы мен бағаларды бақылау жұмыстарының арттырылатыны ескерілді. Статистикалық деректерге қарағанда, рамазан айында қылмыс көрсеткіштерінің азаюы адамдардың материалды және рухани тазаруды қалауы деп есептеледі.
Тұрғын аймақтарындағы рамазан дайындықтары да маңызды. Мешіттер мен айналасын реттеу және мешіттердің мұнаралары арасына сәулелермен безендірілген «Қош келдің, Рамазан», «Он бір айдың сұлтаны рамазан» жазулары сол жерге әсемдік қосады. Халық арасындағы дайындықтар болса одан да көп. Алдымен үйлерде жасалған жан-жақты тазалық материалдан руханиятқа қарай тазалық кезеңінің бастамасы сияқты. Рамазанның алдында үйдің тазалығына қатты назар аударады. Жан-жақты тазалайды. Осыған «рамазан тазалығы» делінеді. Бұл қазірде жалғасқан бір дәстүр. Әсіресе үйлердің асханалары рамазанға арнайы дайындалады. Үлкен маркеттерден кішігірім дүкендерге дейін ораза азықтары жайылған арнайы стандтар - ораза толқынының бір бөлімі. Азықтар сатып алған адамдар әсіресе рамазанға тән коректендіруші, қорыту жүйесіне пайдалы ас сатып алады. Рамазан дастарханы қалған он бір айға қарағанда басқаша болып табылады. Дайындалған «ауызашар» дастархандары, жанұямызбен, шақырған қонақтармен бірге жеген тағамдар - рамазанның ең сәтті тұстары.
Рамазан ғибадат ретінде қабылданған жәрдемдесу мен әлеуметтік ынтымақтастықты қамтамасыз ету тұрғысынан да тағы бір керемет ерекшелік ретінде қабылданады. Рамазан жәрдемдесу мен бөлісудің заманы.
Рамазанда оразаға жауапты болудан басқа кедейлерге берілген «пітір, зекет және садақа» әлеуметтік жәрдемдесу және ынтымақтастықты қамтамасыз етеді. «Зекет» - бай және еркін мұсылмандардың жылына бір рет қарызы мен қажеттілігінен басқа дүниесінің қырықтан бірін дінде белгілеген мұқтаждарға беруі. Бұл жағдай «парыз» яғни дін бойынша міндет болып табылады. Әр мұсылманның зекет беруге тиісті екені аяттар және хадистермен айшықталған. Зекет бергенде ең жақындарымыз, туысқандардан бастау жәрдемдесудің жүйелігі тұрғысынан маңызды. Пітір болса рамазан айының соңында зекет беруге жауапты әр мұсылман беруге тиісті бір садақа болып табылады. Осыған «пітір садақасы» да делінеді. Пітір ораза ұстаған адамның ғибадатын толықтыру, ғибадатының кемшіліктерін жою деген сөз. Бас пен дененің зекеті ретінде де білінеді. Пітір рамазан айында кедейлерге берілген бір садақа болғандықтан кедейлердің айтқа дайындалуы және айтты қуанышты қарсы алуын қамтамасыз ету үшін пітірді айттың алдында беру аса маңызды. Пітірдің неше лира екені рамазан айында тиісті мекемелер тарапынан анықталып халыққа жарияланады. Пітір берілген кісіге нәзік және әдепті түрде беру керек, сол кісіні ренжітпеу керек.
Кезкелген бір себептен рамазанда ораза ұстамаған кісілер де материалды жағдайы жақсы болса және осы оразаларын кейін ұстауға денсаулығы мүмкіндік бермейтін болса, әрбір ораза үшін пітір беруге міндетті. Қазіргі кезде оразаның рухына лайықты түрде жан-жақта кедейлерге рамазанда азық-түлік жәрдемі берілуі. Қала әкімшіліктері және жағдайы жақсы адамдар кедей жанұяларға арнайы пакет дайындап, таратады.
Рамазан бойынша орындалған ғибадаттар бөлісу мен жәрдемдесудің ең жақсы үлгісі ретінде әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуге әсер етеді. Ораза бір ай бойынша мағыналы түрде өткізілді. Аяқталған соң болса келесі жылдың рамазан айын сағынышпен күте бастаймыз.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар