Түріктің әдет-ғұрыптары 13

Түрік мәдениетінде сүндет тойы

82717
Түріктің әдет-ғұрыптары 13

Сүндет Ислам тарихы зерттеулеріне қарағанда Әзірет Ибрахимге дейін барады. Сүндет діни бір қажеттілік болуына қоса ер балаларға жасалған ем және науқастанудың алдын алатын хирургиялық бір операция. Ер баланың еркектік органының басын жауып тұрған теріні белгілі мөлшерде хирургиялық операциямен кесу болып табылады. Сүннет - мұсылман ер баланың өміріндегі ең маңызды мерәсімдердің бірі. Мұсылман мемлекеттерде ер балаларға сүндет жасаудың себебі әзірет Мұхаммед пайғамбардың дүниеге сүндетті түрде келгеніне сену. Пайғамбарға бағыну, оның сүндетін жалғастыру деген мағынада ер баланы сүндетке отырғызады. Сүндет мерәсімі арқылы баланың әлеуметтік және жыныстық белгі алуына жағдай жасалады. Бұл мерәсімнің сүндет болған бала үшін маңызы достары арасында мәртебеге көтерілуі және балалықтан шығып, ересек бола бастауы. Түрік мәдениетінде ер баланы сүндетке отырғызу үшін діни және дәстүрлі әдет-ғұрыптар жетілдірілген.
* * *
Османлы ханзадаларының сүндет мерәсімдері үлкен тойлармен атап өтілетін. Ханзадалардың сүндет тойы кезінде қалың жұрттың баласын да сүндетке отырғызатын. Ханзадалармен бірге көптеген баланы сүндет қылу бұрынғыдан келе жатқан дәстүр. Хафыз Мехмет Эфенди «Ханзадалардың сүндет тойы» атты шығармасында ханзадалардың сүндет мерәсімдерін түсіндіреді. Сұлтан ІІІ.Ахмедтің сүндет тойы 23 күн жалғасқан. Сүндет тойы кезінде мемлекет қызметкерлерінің балалары және кедей халықтан 3 мың 902 бала да сүндетке отырғызылған. Барлық шығындар болса падиша тарапынан төленген екен. Османлы дәуірінің ең атақты сүндет тойларының бірі де ІІ.Мұрадтың баласы ханзада Мехмед үшін 1582 жылы Стамбұлда жасатқан сүндет тойы болып табылады. Екі айға жақын жалғасқан бұл сүндет мерәсіміне көптеген мемлекеттік қызметкер шақырылған. Бұл сүндет тойлары кезінде көптеген тамашалар ұйымдастырылған, ас таратылған.
Ханзадалардың сүндет мерәсімдерінде алдымен өткізілетін тойдың орны анықталатын. Тамашалар өткізілетін жерде сарай тұрғындары мен шетелдік қонақтар үшін орындар дайындалып, түрлі түсті шатырлар құрылатын. Мерәсім алаңында карусельдер, алтыбақандар, зембілдер, дәу қуыршақтар, акробаттар және әшекейленген арбалар дайындалатын. Сазгерлер мен акробаттар халықтың көңілін көтеретін. Түнде болса бұғаздың жағалауындағы барлық үйлер жарықтандырылып, теңіздің жағасынан фейерверктер атылатын. Той кезінде халыққа үздіксіз ас таратылатын. Той асы арасында палау, қойдың қуырылған еті, тәтті тағамдар мен сусын ретінде шербет болатын. Галлипольдік Али «Сурнаме» атты шығармасында сүндет тойы аяқталғанша таратылған астар мен бұл астардың молшылығы жайлы түсіндіреді. Бұл астар алдымен тойға қызмет жасайтын қызметкерлерге ұсынылатын. Бұл қызметкерлер үшін 300-ден астам дастархан жайылып, барлығы он бес мың адамға ас таратылатын. Сүндет тойы аяқталғанша Османлының жомарттығы мен байлығы қонақтарға көрсетілетін.
Той мерәсімдерінің ең қызық ерекшеліктерінің бірі де үстіне кәмпит салынған, жеміс және өсімдіктермен сәнделген ағашқа ұқсас «нахыл» атындағы нәрселер еді. Той немесе сүндет мерәсімі кезінде көпшіліктің алдында алып жүретін Нахыл берекенің символы болатын. Нахылдардағы кәмпиттен жасалған сәндікті тойдың артынан жеу үшін халыққа тарату дәстүрі бар еді. Нахыл салты Анатолыда әлі де жалғасуда.
Анатолыда да сүндет жасымен байланысты нақты бір ереже болмаса да, бала өсіп кетпей тұрып сүндет жасатқан дұрыс деп қабылданады. Бала мектепке бармай тұрғанда баланы сүндетке отырғызу кең тараған бір дәстүр. Сүндетке отыратын жасы жетіп, әлі сүндетке отырмаса балаларды достары мазақтап, айналасындағылар айыптайтын бір ұстаным көрсететін. Анатолыда кең тараған көзқарастардың бірі де сүндет болған бала жігіт болу жолында алғашқы қадамын басады. Ал әскерлік борышын өтеген бір жас жігіт те қоғамда жауапкершілігі бар бір еркек ретінде қабылданады.
Баланы сүндетке отырғызуға шешім қабылдағанда жанұяның материалды жағдайы да әсер етеді. Сүндет уақыты ретінде әсіресе оқушылар демалысқа шығатын жаз маусымы таңдалады. Сүндет мерәсіміне жанұяның туыстары мен көршілер шақыру қағаз арқылы шақырылады.
Сүндет мерәсімінің күні анықталған соң балаға арнайы сүндет киімі сатып алынады. Сүндет киімі ақ түсті жейде мен шалбардан тұрады.
Жейденің үстіне «машалла» деп жазылған бір лента тағылады. Сәнделген бір шапан, бір тәж, киімді толықтырады. Бала сүндет болған соң, ыңғайлы болсын деп ұзын көйлек немесе түнде жататын киім дайындалады. Баланың киімдері дайын болғаннан кейін қажетті нәрсенің бірі де сүндет болған соң жататын төсегі. Баланың төсегі мен бөлмесі сәнделеді. Үйде өтетін сүндет мерәсімдерінде қонақтарға ас ұсынылады. Құран немесе мәуліт оқытылады. Сүндет мерісіміне қатысқан қонақтар сүндет болған балаға алтын мен әртүрлі сыйлықтар әкеледі.
Бала сүндет болатын кезде жанұяның еркектерінің бірі оны құшағына отырғызады. Сүндет кезінде баланы құшағына отырғызған кісіге «кирве» делінеді. Бала сүндет болып жатқан кезде барша бір ауыздан «Алла-ху акбар, Алла-ху акбар лаилаха иллаллаху валлуху акбар, Алла-ху акбар ве лиллахилхамд» деп тәкбір келтіріледі. Сүндет аяқталған соң да «бітті машалла» дейді.
Кирвені таңдау аса маңызды. Кирвенің кім болатынына әке мен шеше шешім қабылдайды. Кирве жақын туыстар немесе достарға қоса көбінесе туысқандардан басқа бірі болып таңдалады. Сүннет үшін сайланған кирвеге бала әкесі сияқты құрмет көрсетіпті. Кирве жанұяның туысқаны ретінде қабылданады. Кирвенің материалды және рухани жауапкершіліктері болады. Кирве алдымен сүндет болатын балаға рухани қолдау беріп, батылдығын арттырады. Сүндет болатын баланың киімдерін сатып алу, сүндет кезіндегі шығындарға көмектесу, сүндет алдында фаэтон, ат немесе машинамен қыдырту және моншаға апару кирвенің міндеті болып табылады.
Кирвелік міндетінің аса маңызды әлеуметтік және мәдени функциялары бар. Кирвелік жанұялар арасында әлеуметтік қатынасты дамытады және нығайтады. Осылайша жанұялардың өзара жәрдемдесу арқылы үлкен бір күш ортаға шығады. Жанұямен кирвенің достығы өмір бойы жалғасады. Қазіргі уақытта көптеген аудан мен ауылда осы дәстүр жалғастырылып келеді.
Топтық сүндет бүгін губернаторлықтар, әкімшіліктер арқылы жүргізіледі. Мемлекет сүндет болмағандарға деген маңызды бір жауапкершілікті тарихтан келе жатқан бір мұра ретінде жалғастыруда. Бұл мемлекеттің тарихтан келе жатқан «қолдаушылық» қызметінің бір көрсеткіші болып табылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар