Түрік әдет-ғұрыптары 19

Түрік мәдениетінде кофеханалар

82757
Түрік әдет-ғұрыптары 19

Бүкіл дүние жүзінде түрік кофесі деген атпен танымал дәстүрлі түрік сусыны бір мекенге де есім берді. Кофе пісіріп, ұсынылатын, ішілетін мекендер керек болғандықтан кофемен тығыз байланыстағы кафелер ашылды. Бастапқыда Хиджаз және Каирде атағы шыққан кофе Явуз Сұлтан Сүлейман кезінде Мысыр Османлы жеріне қосылғаннан кейін Стамбулға әкелінді. Стамбул артынан кофе мәдениетінің маңызды орталықтарының біріне айналды. Кануни Сұлтан Сүлейман падиша кезінде Османлы елінде күнделікті тұрмысқа де еніп, кең тарады. Түркияда алғашқы кафе 16-ғасырдың ортасында Тахтакаледе ашылды. Стамбулдағы осы кофе үйін Халебтен келген Хакем және Дамаскіден келген Шемс атты екі араб құрды. Осылайша танымал және тартымды сусын кофемен бірге әлеуметтік бір мекен қалыптасты.
* * *
Алғаш ашылған күннен бастап кафелер мемлекеттік басқарушылардың көзінде «жағымсыз» жерлер болды. Себебі осы мекендерге халық, әскер, оқытушы және тәлімгерлер сынды түрлі адамдар келіп, саяси мәселелерді талқылап, сарайдағы оқиғаларды жеткізіп отырған. Сондықтан басқарушылар кафелерді «қауіпті» деп есептеп, шектеп отырған. Жиі-жиі жабылған. 17-ғасыр бойы талас болған. ІІ Селим мен ІІ Мұрат падиша дәуірінде Стамбулда шамамен 600 кофе үйі болатын. Бұлар қаланың ең маңызды аудандарында орналасқан еді. ІІ Селим, ІІІ Мұрат және І Ахмет кезінде кафелерге жүргізілген тыйымдар қысқа мерзімді, әрі ықпалсыз болды. ІV Мұрат қойған тыйымның астарында да кафелерде әкімшілікке қарсы пікірлер мен қозғалыстардың пішінделуі жатады. Сұлтан Абдуләзиз және әсіресе ІІ Абдулхамит кезінде болса кафелер алтын дәуірін басынан өткізді.
Стамбулда кафелер ашылмастан бұрын адамдар бас қосып, әңгімелесетін мешіт, қасап, дүкендерден басқа бозахана мен таверналар бар еді. Кофеханалардың ашылу балама мекен қалыптастырды. Уақыт өте келе осы кофе үйлеріне мемлекет қайраткерлері, өнер қайраткерлері және төрешілер де келе бастады. Бүл мекендер адамдардың әлеуметтік өмірден хабардар болу, сұхбаттасу, пікір-талас жүргізу, уақытты жақсы өткізу орындарына айналды. Сондықтан кофе үйлерін «халық мектебі» деп те атауға болады. Кафелер баршаға ашық болған. Бірақ осында уақыт өткізгендер көбіне ер адамдар. Бастапқыда кофе, шай, каниян ішілген. Кейіннен әлеуметтік, мәдени іс-шараларға сахна болған. Осы кафелердің өте маңызды ерекшелігі арт жағында бойдақ кісілер тұруға болатын «бойдақ бөлмесі» болуы.
Кафелер мекеніне, әлеуметтік қызметіне, тұтынушысына қарай түрленіп отырған. Османлы кезіндегі Стамбул кофеханалары тұтынушыларының мамандығына қарай аталған. Мысалы ақындар кофеханасы, мырзалар кофеханасы, балықшы кофеханасы секілді. Әсіресе Рамазан айындағы ойын-сауықтар да кофеханаларға баратын адам саны мен ықыласын арттырған. Әулие Челеби «Саяхатнама» атты шығармасында Токат қаласындағы кофеханалар туралы «кофеханаларға кірген бір кісінің уайымдары тарап, көңілі орнығады. Әрбір кофехана хикая айтып, музыкалық аспап тартатындар және ақындарға толы» дейді. Әулие Челеби Стамбулда да кофеханаларда хикая айтушылар, күлдіргілер бар екенін айтады. Қарагөз және күлдіргілер, қуыршақ ойнататындар болатын осы мекендер аталмыш көркем өнер түрлерінің болашақ ұрпаққа жеткізілуінде де маңызды роль ойнаған.
Кофеханалар халық ақындар жырлаған, халық алдында өлең оқыған мекендер болған. Тек Стамбулда ғана емес басқа қалаларда да кофехана мәдениеті болғаны көрінеді. Кастамону, Кония және шығыс Анадолы аймақтарындағы ақын-жырау дәстүрі үшін таптырмас жерлер болған.
Осы кофеханалар ақын-жырауларға, жағрапия тарихына және әлеуметтік тұрмысқа куә. Ақын-жыраулардың кофеханасы – 19-ғасырдың маңызды қоғамдық ұйымы. 19-ғасыр олардың алтын ғасыры болды. Олар әрі саяси, әрі қоғамдық қызмет жауапкершілік арқалаған. Кофеханаларында әрі дәстүр жалғастырылып, әрі жаңа буын ақындар дайындалған. Адамдар бас қосқан кезкелген бір қоғамда болғаны секілді бұл жерде де басты қағидалар болған. Күндіз қарапайым кофехана жұмысын атқарған. Ал ақын-жыраулардың бағдарламасы кешкі уақытта басталатын болған. Тыңдаушылардың ықыласына қарай күніне 4-5 сағат жырлаған. Рамазан айында осы бағдарлама тәрауық намазынан кейін басталып, сәрі асына дейін жалғасқан.
19-ғасырда осы кофеханаларда ақындар арасында «Жұмбақ» жарыстары өткізілген. Тақтайға жұмбақ жазылып, кофехананың төбесіне ілінген. Жұмбақты шешкен адамға ақшалай немесе маталай сыйлық берілген.
Кофеханалар ауыз әдебиеті мұрасының кең тарауына және жас ұрпаққа жеткізілуінде маңызды роль ойнады. Ақын-жыраулық жалғасын тапқан, әрі жас ақындар тәрбиеленген мектеп болған.
Бүгінгі күні осы ерекшелігінен айрылып қалған кофеханалар көбіне уақыт өткізу, шай, кофе ішу, карта ойнап, әңгімелесу үшін қолданылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар