Түрік әдет-ғұрыптары 15

Түрік әдет-ғұрыптарында ас тарату мерәсімдері - І

82729
Түрік әдет-ғұрыптары 15

Түріктер Орталық Азиядан бері әрі мемлекет ретінде, әрі ұлт ретінде де ас таратуға аса көңіл бөлген. Түрік әдет-ғұрыптарында ас берудің орны мен маңызы өте үлкен болған. Ас беру қонақжайлықтың маңызды бір көрсеткіші. Түріктер тіршіліктерінің әр сатысында кезкелген себепті үлкен және топтық ас таратып, көптеген қонақ шақырып күткен. Түріктердің тіршілігіндегі өтпелі дәуірлер мен «маңызды» деп саналған атаулы күндер де ас таратуға себеп болған. Түріктер арасында туғаннан кейін, сүндет тойы мен үйлену мерәсімдері кезінде, ер балалар әскерге кетіп бара жатқанда және оралған кезінде, жерлеу мерәсімдерінің артынан 40 немесе 52 күні, діни бір міндет ретінде қажылыққа барып оралғанда, ораза немесе құрбан айттары сияқты діни мерекелерде, наурыз мен хыдыреллез сияқты көктем мерекелерінде топтық қонақ астары және әдет-ғұрыптар ғасырлардан бері жалғасып келеді.
* * *
Кедейлерге ас тарату мемлекеттің де ең маңызды міндеттері арасында орын алады. 8-ші ғасырда тасқа жазылған Орхон жазба ескерткіштерінде де Көктүрік қаған «аш халықтың қарнын тойдырдым, сыртында тон-киімсіз қалдырмадым» деп, мемлекеттің басқарушысы ретінде кедейлерді тойғызып, киімсіз қалдырмағанын айтады.
Түріктердің бір тармағы ретінде Оғыздар да маңызды тақырыптарда шешім қабылдау үшін өткен жиналыстарда ас беретін болған. Түріктердің ең маңызды мәдени мұрасы ретінде қабылданған Қорқыт Ата хикаяларында да Байындыр Ханның, Дирсе Ханның, Қазан бидің және басқа да билер ұйымдастырған «той» деп аталатын қонақасылары жайлы сөз қозғалады. Той сөзі «мәжіліс, жиналыс» деген мағынаға келеді. Дегенмен осы сөз кең мағынада сый-сияпат жасау және көңіл көтеретін қонақасылары ретінде қолданылады. Оғыздар әртүрлі мақсаттармен тойлар ұйымдастырған. Аңнан оралу тойы, үйлену тойы, тұтқыннан құтылғандар үшін жасалған тойлар, жаудан оралған кезде ұйымдастырылатын тойлар осылардың бірнешесі ғана. Тойлар арқылы кедейлердің де аш қарындарын тойдырады. Билер қаншама кедейді тойғызатын болса, қоғамда соншама беделі көтеріледі. Хикаяларда тойларды ұйымдастырған би қонақтарға ас берген соң киіз үйінен шығатын. Қонақтар той иесінің киіз үйін, мал үйірлерін және мүлкін талан-тараж қылатын. Бұған «талан-тараж тойы» немесе «потлач» делінетін. Бұл талан-тараж жұмысы бұрынғы бір түрік дәстүрі ретінде ғасырлар бойы жалғасты.
Түріктердің Орталық Азиядағы әдет-ғұрыптарынан осы күнге дейін жеткен қонақасы беру мемлекетті басқарушының міндеттері арасында орын алуына қоса күш пен билікті де көрсетеді. Бұл жағдай Ұлы Селшұқ әулетінен Анатолы Селшұқтарына, олардан Османлыға және тіпті қазірге дейін жоғалмаған. Османлы мемлекетінде болса үйлену тойы, сүндет тойы сияқты себептермен әртүрлі топтарға берілген қонақасыларда әсіресе халыққа да ас таратылған. Халыққа таратылған осы қонақ асыларда белгілі бір протокол немесе кезек болмайтын. Той жалғасқан мерзім бойынша ас беру жұмыстары жалғасатын. Тойларда берілген халыққа ашық қонақасыларда кедейлердің үйлеріне подностармен астар жіберілетін.
Кануни Сұлтан Сүлейманның балалары ханзада Беязыт пен ханзада Джихангирдің сүндеті және қызы Михримах Сұлтан мен Рүстем Пашаның үйлену тойлары себепті жасалған және 1539 жылдың 27 қараша күні басталып, 13 күн жалғасқан тойдың кезінде жүз мыңнан астам адамға ас таратылған. 1582 жылы ІІІ.Мурадтың баласы ханзада Мехметтің үйлену тойы шамамен екі айға жалғасқан және осы той кезіндегі тамашалар мен берілген қонақасылар жергілікті және шетелдік жазушылардың кітаптарына тақырып болған. 1586 жылы тағы ІІІ.Мурадтың қызы Айше Сұлтанның каниджелік Ибрахим Пашамен жасалған тойында теңізші әскерлер тасыған қорғанға ұқсас үлкен бір торт пен тойдың құрметіне 4 тонна тәтті тағамдық бұйымдар таратылған.
Бұл қонақасылар мемлекеттің «байлығының» және «жомарттығының» бір көрсеткіші ретінде бағаландырылған. Осы тойларда таратылған қонақасылардағы қызық бір дәстүр де «ыдыс-аяқ талан-таражы» деп аталады. Ыдыс-аяқтың талан-таражы оғыздарда байқалған «талан-таражды той дәстүрінің» Анатолыдағы бір жалғасы ретінде алдымызға шығады. Османлы әулетіне мүше болғандар той мерәсімдерінде берілген қонақасыларда күн сайын жасалған ыдыс-аяқ талан-тараждары мен берілген қонақасылары тарихи деректерде ең кіші детальіне дейін түсіндірілген. Жасалған осы қонақасылары мен ыдыс-аяқ талан-тараждарын түсіндірген миниатюралар бар. Тамақ ұсынылған ыдыс-аяқтардың қонақтарға берілуі сияқты дәстүрлер ежелгі түрік дәстүрі ретінде алдымызға шығады. Тойларда ашық алаңдарға тізілген ыдыс-аяқтарда дәстүрлі тағамдар яғни бадам сорпасы, палау, ет пен зерде тәттісі ұсынылады. Тағамдардың дайындалуында әсіресе сарымай, запыран және қант қолданылған. Бұл да халуа және зерде тәттісі түріндегі тағамдардың одан көп ұсынылғанын көрсетеді. Тамақтанған мыңдаған адам тамақтар ішілген соң астар құйылған ыдыс-аяқтарды алып, үйіне апарады.
Османлыда тойлардың басты тәттісі ретінде халуа көптеген себеппен жасалатын болған. Түрік мәдениетінде халуа тіршіліктің көптеген сатысында дастархандарда орнын алған. Туудан өлімге дейін әртүрлі себептермен желінген халуа марқұмның артынан да оның атымен жасалып отырған. Түрік мәдениетінде әртүрлі қайғы және қуанышты оқиға тәттімен бөліседі. Жер жаңғақты немесе жер жаңғақсыз ұн немесе ұнтақ жарма халуа қазір де той асында, өлімнен кейінгі 40-шы күн еске алу асында, киелі кандил түндерінде пісіріліп таратылады. Халуаны тарату қуаныш пен қайғыны бөлісу деген мағынаға келеді.
Қазір Стамбұлда Османлы асханасының дәстүрлері мен ас түрлерін жалғастырған мейрамханалар бар және халыққа бұл дәмдерді ұсынады. Түрік әдет-ғұрпын да қонақты жақсы қарсы алу, күту, қонақасы беру, күлімсіреп қарау және оны риза қылу аса маңызды. Әдет-ғұрыптарымыз өткен мен бүгін арасында құрылған бір көпір болып табылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар