Түрік әдет-ғұрыптары 06

Орталық Азиядан Анатолыға дейін түрік әйелі - ІІ / "Селшұқты кезінде түрік әйелі"

82617
Түрік әдет-ғұрыптары 06

Түрік әйелі ислам дінінен бұрынғы кезеңде де исламды қабылдағаннан кейінде маңызды бір тұғырға ие болған. Әрі әдет-ғұрыптар, әрі заңды құқықтары тұрғысынан қолға алғанда түрік әйелінің ауқымды бір қозғалыс алаңы бар екенін көреміз. Алдынғы бағдарламамызда сөз болған әртүрлі ерекшеліктерге ие түрік әйелі Түріктердің Анатолыға келуімен жұмыстарын жаңа отанында жалғастырған. Әйел Орталық Азияда болғандай жанұяда шеше ретінде маңызды күшке ие және көзқарастары назарға алынады.
Түріктердің Орталық азиядан көштерін қадағалаған Селшұқтар кезеңінде де ежелгі түрік мемлекет дәстүрінің жалғасы ретінде хатундардың тек қана сарай өмірінде емес, мемлекет тіршілігінде де маңызды роль атқарғанын байқаймыз. Көне түрік әдет-ғұрыптарына сай хатунның қолында ұстаған сарай мен мемлекеттегі күші Селшұқ мемлекетінде де жалғасқан. Хатун әрі сарайда, әрі басқа жердегі жиналыстарға қатыса алатын болған. Өздеріне тән бір сарайы да болған хатунның бұйрығында кіші бір ұйымда болған.
* * *
Алпарсланның кезеңі жайлы мысалы дәл Орталық Азия түрік мемлекеттеріндегі сияқты хатунның сұлтанмен бірге ат үстінде жаумен шайқасқа барғанын көреміз. 1243 жылы монғолдар Кайсери қаласын қоршап алған кезде қаланы қорғауға тікелей әйелдер қатысқан. Бұл хатундар аталмыш Орталық азия мемлекет дәстүріндегі сияқты соғыс кезінде жұбайлары қиын жағдайға тап болған кезде өз жауынгерлерімен бірге жауға қарсы қылыш сермеген, тіпті соғыстың тағдырын өзгерткен. Оған қоса олжада алған. Бұған ең жақсы үлгі Туғрул Бейдің қайырымды және мейірімді жұбайы Алтынжан хатун болған. Алпарслан кезеңінде де Хатун Сұлтанмен бірге жауға шыққан. Сондай-ақ өткізілген барлық жиналыстарға қатысқан.
Анатолыда қызмет берген Ахилик ұйымы да Орталық Азиядан келген. Анатолының түрік болуына, түрік тілінің тарауына, Селшұқ мемлекетінің күшеюіне өте үлкен әсер еткен. Ахилик ұйымының Баджыян-ы Рум тармағы яғни «Анатолы Баджылары» аты берілген бір жанама ұйымы да болған. Осы Анатолы Селшұқ мемлекеті кезеңінде және Османлы мемлекеті құрылған жылдардағы түрікмен әйелдері мүше болған бір ұйым болып табылады. Анатолы Баджылары шекара желілерінде еркектермен бірге отанды қорғаған. Анатолы Баджылары тек әскери салада табысқа қол жеткізбеген. Қолдарындағы өнерді дәстүрлі түрде жалғастырып, Анатолыдағы экономикалық тіршілікке де үлес қосқан. Анатолыға келген соң түрікмен әйелдері жұмыс әлемінен бас тартпаған және бір қатар іс-шаралар жасаған. Осы әйелдер көбінесе тоқыма өнерінде жұмыстанған. Баджылык сондай-ақ оқу жүйесі болып табылады. Бұл жүйеде тауар өндіру, қоғамның пайдасына ұсыну және оларға әдептілік пен ережелерді үйретеді. Баджылардың ең маңызды міндеттері болса Ахи діни медреселерінде келген қонақтарды күту және оларға қызмет беру. Осы келген қонақтар Анатолыны жаңа мекен қылғандар болғаны себепті бұл қонақжайлық олардың үйрену кезеңі тұрғысынан маңызды. Баджылар өмір сүргендері қоғамның әлеуметтік-экономикалық күшін арттырған. Анатолы Баджылары әйелдің қоғам өмірінде қаншалықты әсер ететінін және қоғамға қандай үлес қосатынын ортаға қою тұрғысынан аса маңызды. Баджы ұйымының белгілі тұңғыш басшысы Фатма Баджы болған .
Селшұқты хатундары әлеуметтік тіршілікте де алдыңғы қатардан орын алған. Селшұқ кезеңінде жол, су қоймалары мен аурухана салдырған белсенді хатундар кездеседі. Осы кезеңде патшалардың және ханзадалардың жұбайлары әжептеуір көп табыстарға ие және осы табыстарды жұмсау еркіндігі де өздеріне тән еді. Қалағанша жұмсай алатын немесе басқаларға да бағыштайтын. Селшұқты хатундары өздері салдырған қорлары бар еді. Осы бюджеттерінен құрылыс, қайырымдылық жасаған. Экономикалық тіршілікке де үлес қосқан. Эфлаки жазған «Менакыбу-л-Арифин» атты шығармаға қарағанда бұл кезеңде сарайдан тыс кейбір хатундар толығымен өз еріктерінде болған ақшаға ие екен және осы ақшаның қолданылуына жұбайларының өзі араласпайтын.
Селшұқ кезеңінде әйел белсенді, тұрақты, жасампаз, біріктіруші және бастамашы бір көрініс ретінде алға шығады. Бұл тақырыпта көптеген нақты үлгі кездеседі, бұл үлгілерге; 2-ші Қылышарстанның қызы Гаухар Нәсібе Хатун «Гаухар Нәсібе» атындағы шипа үйін салдырған. Бұл аурухана Несибе Хатун қалдырған қор табыстарымен басқарылып, 700 жыл халықты емдеген. Махпери Хатун да Кайсери қаласында Хуанд Хатун комплексін салдырған екен. Комплекс мешіт, мавзолей, хамам және медреседен тұратын. Селшұқ кезеңінің қайырымды әйелдері арасында 2-ші Иззеттин Салтуктың қызы Мама Хатун да бар еді. Мама Хатун басқарушы және қолбасшылық ерекшелікке ие батыл бір әйел болатын. Эрзинджан қаласы қарасты Тержан ауданындағы Мама Хатун керуенсарайы мен мавзолейін Мама Хатун салғызған. Осы кезеңде сансыз қорған, көпір, керуенсарай, аурухана, мешіт, медресе, су құбырлары, хамам, таза ауыз суы орындарын әйелдер салдырған. Көптеген үлгі әйелдің күші мен еркіндігін көрсетеді.
13-ші ғасырдың ұлы ойшылы және сопысы Мәулананың әйелдермен байланысты көзқарастары және әйелдердің осы кезеңдегі тұғырлары сол кезеңнің әлеуметтік құрылымы тұрғысынан маңызды. Мәулананың назар аударған ең маңызды әлеуметтік тақырыбы әйелдер болған. Мәулана «Арстанға арыстан дегенде ұрғашысын басқаша атай ма?» сөзімен жыныстық айырмашылықтың мағынасыз екені атап көрсетіледі.
Мәулананың әйелге мән беруінің негізін Құран мен сүннет құрайды. Құранда еркекке берілген құқық пен жауапкершілік әйелге де берілген. Ислам діні әйелді әлеуметтік тіршіліктің және отбасы өмірінің бір бөлшегі қабылдаған. Мәулана сұхбат пен сема жиналыстарына әйелдерді де қабылдаған. Мәулана әйелдің жынысынан гөрі мінезіне назар аударған. Баласы Сұлтан Велетті Фатма Хатунмен үйлендірген кезде баласына «Фатма Хатунды әзіз қабылда, әр күн мен түнді айт күні және түні болып білсін» деп насихаттаған. Қазіргі барлық мағлұматтар мен құжаттар түрік мемлекет дәстүрінде әйелге берілген құндылықты көрсетеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар