Түрік әдет-ғұрыптары 04

Анатолыда тұрмыс құрумен байланысты әдет-ғұрыптар мен мерәсімдер - ІІІ "Той мерәсімдері"

82611
Түрік әдет-ғұрыптары 04

Анатолы тойларында той дайындықтары аяқталған соң тойдың шақырулары таратылады. Шақыру мен шақыруды таратқандардың аттары аймақтарға қарай әр түрлі аталады.Тойдың шақыруы ауызша жасалады. Тойдың иелері тойға шақырылған адамдарға шақыру ретінде бет орамалы, сабын, йемени (бас орамалдың бір түрі), қол орамалы, стакан, қасық сияқты сыйлықтар жібереді. Шақыруды таратқан кісі той иесінің сәлемін жеткізіп, аталмыш сыйлықтардың бірін беріп туысқандар мен көршілерді тойға шақырады.
Анатолыда той басталған күн мен той жалғасатын күндер әртүрлі болып келеді. Бұрын тойлар 3 немесе 4 күнге жалғасатын. Бейсенбі немесе жұма күні басталып, жексенбі немесе дүйсенбі күніне дейін жалғасатын еді.
* * *
Анатолының көптеген жерінде той тек қана еркек үйінде өткізілген «Байрақ тігу» мерәсімімен бастайтын. Байрақ тігу Орталық Азиядан келе жатқан бұрынғы ғұрыптардың бірі ретінде алдымызға шығады. Тарих бойынша әр түрлі жағдайларда «байрақ тігу» салт-дәстүрінің үлгілеріне кездесеміз. Көктүріктер қабірлердің үстіне де байрақ тігетін. Оғыз тайпаларында да аза тұтқан адамның үйінің төбесіне қара және көк байрақ тігу бұрынғы ғұрыптардан еді. Көне түріктерде батырлар мәртебелері, даңқтары және күштерін көрсету үшін найзаларының үшкір ұшына үш бұрышты матадан байрақтар ілген. Осы найзаның ұшындағы байрақтар бір жауынгер үшін мәртебе мен даңқтың көрсеткіші болған. Той үйінде жастар байрақ тігу үшін түзу, жіңішке және ұзын бір ағаш әкеліп үстіне байрақты байлайды. Кейін бұл таяқтың ұшындағы байрақ үйдің ең биік жеріне тігіледі. Кейбір аймақтарда да той үйінің алдындағы бір ағашқа, айлауық ағашынан дайындалған ұзын бір таяқтың ұшына түрік жалауы тігіледі. Байрақтың ұшына да жаңа тұрмыс құрған жұптардың үйі «берекелі» болсын деп алма, болашақтары жарқын болсын деген ниетпен де айна байлап тастайды. Байрақ тігілген соң той басталады. Келін күйеуінің үйіне келіп түскенше байрақ және байрақ ілулі таяқ жерге тимейді.
Той күні еркектің үйінде дайындықтар жасалады. Тойда күйеу жолдас ғұрпы бар. Жастар арасынан күйеу жолдас қолына байлаған лента немесе орамалмен белгіленеді. Күйеу жолдас күйеудің ең жақын досы болып табылады. Күйеудің көбіне екі күйеу жолдасы болады. Күйеудің оң қолы сияқты күйеу жолдастар күйеудің әр жұмысына жүгіреді. Киімдерін дайындайды, киінген кезде оған көмектеседі. Күйеу жолдасы мен басқа да жастар күйеудің сақал-мұртын да қырындырады. Егер той ауылда жасалатын болса күйеу баланың сақал-мұрты ауылдың алаңында алынады. Дайындықтар аяқталған соң күйеу күйеу жолдастарымен бірге үйде отырады, келінді алуға бармайды.
Түріктерде қызды ұзату «қыздың көші» ретінде бағаландырылады. Жас қыз әкесінің үйінен күйеуінің үйіне көшіп кетеді. Түрік мәдениетінде бұл мерәсімге «келін ұзату / келін алу» делінеді. Келін ұзату Анадолының әр жерінде бір-біріне ұқсас. Еркек тарапынан бір топ келінді алуға барады. Келін қызға жәрдем еткендерге «жеңге» делінеді. Жеңге тойдың барлық сатысында келін қыздың киінуінен, қынасына және тойына дейін әр нәрсеге жауапты болады. Келін қызға үйден шықпастан бұрын әкесі, әкесі болмаған жағдайда бауыры, нағашы ағасы немесе ағасы тарапынан салауат пен тәкбір оқылып, беліне қызыл бір лента байланады. Бұл ғұрып келіннің барған жеріне молшылық, береке және бақыт апаратынына сенеді. Сондай-ақ бұл лента пәктік пен күнәсіздіктің және жас қыздықтан әйелдікке өтудің бір символы болып табылады. Келіннің әкесі немесе бауыры тарапынан байланған бұл лента той кешінде күйеу тарапынан шешіледі. Келін қыздың басына жабылған орамал да қызыл түсті болады. Түрік тарихының әр сатысында байқалатын қызыл шапан, қызыл орамал осы күнге дейін жеткен әдет-ғұрыптарымыздың бірі.
Келін үйден шыққан соң кейбір әдістермен жас келіннің тұрмысымен байланысты кейбір болжамдар жасалады. Кейбір жерлерде қыз үйінен шыға салып, үйдің бір бөлмесінде шырақ жағылады, шырақ өшпей толығымен жанып біткен соң келін қыздың барған жерінде бақытты болатыны, өшкен жағдай бақытсыз болатынына сенеді.
Бұрын келін қызды еркек тарапы дайындаған және әсемдеген атқа мінгізіп, еркек үйіне онымен әкелінетін. Келін күйеудің үйіне келгенде оны үйдің алдында қайын енесі мен қайын әкесі қарсы алады. Кейбір аймақтарда күйеу тарапынан бір адам шығып, күйеудің әкесіне, шешесіне, туысқандарына «не бересіңдер?» деп сұрайды. Қайын әкесі келініне бір сыйлық берген соң келін аттан түсіріледі.
Күйеудің жанұясы аттан түскен келіннің басынан ақша немесе бидай шашады. Берекенің символы бұл ғұрыптың артынан шашылған осы ақша мен бидайдан алып, әмиянына не қалтасына қойғандардың бай болатынына сенеді. Есікке дейін келген келін табалдырықта тоқтап қалады. Күйеу есіктің босағасына шығып, келіннің қолтығына кіреді. Бұған «қолтыққа кіру» мерәсімі делінеді. Күйеу келіннің қолтығына кірген соң оның барлық жауапкершілігін де мойындайды. Келін тағы жүрмеген жағдайда қайын атасы келіп келініне жер, бақ, егістік сияқты бір мүлікті сыйға береді. Келін үйге кіре бастаған кезде болса балшықтан жасалған су құмырасы немесе су бөтелкесі үйдің төбесінен жерге лақтырылады. Келіннің басына бидай, тары және күріш шашу да кең тараған ғұрыптардың бірі. Осы шашулар берекенің символы болып табылады. Келін ішке кірген соң қайын енесінің қолынан сүйеді. Ол да «Келінім, қош келдің, қуаныш әкелдің, қадамың бақыт әкелсін, басың дүниеге толсын, туғаның бала болсын» деп батасын береді. Кейбір аймақтарда келіннің аяғының астына қойдың терісі жайылады.Бұл қой секілді тыныш және жай мінезді болсын деген мағынаға келеді. Еркек үйінің ең кемпірі де келінге үйдің сырын бөтен адамға айтпауын насихаттайды. Басқа жағынан отбасынан бір әйел келіннің төсегіне «отбасының тегі жалғассын, еркек бала тапсын» деген ырыммен ер бала домалатады. Кейбір аймақтарда да келін күйеудің қолында үйге кіріп бара жатқанда күйеудің жеңгесі келіннің саусағын бал мен майға батырады. Келін де осы саусақты есіктің кірісіне жағады. Бұл әдет май мен бал сияқты күн көріп, ауыз біршілігі бұзылмасын деген мағынаға келеді.
Азанда басталған той кешкі уақытқа дейін жалғасады. Саз аспаптар ойнап, билейді, ән шырқайды. Сол күні тойдың алдында немесе тоймен бірге қиған ресми және діни неке орындалады. Тойлар көбінесе аспен өтеді. Той сорпасы, фасоль, палау, ет қуырдақ, компот, салат, баклава тәттісі, халуа таңдалған тағамдар арасында орын алады. Той кешкі уақытта келін мен күйеудің үйлеріне апарылуымен аяқталады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар